VIP Banking туралы
Bank RBK VIP Banking бағдарламасы – бұл VIP-клиенттердің дербес мұқтаждықтарын ескеретін каржылық пен консалтингтік қызмет көрсетудің жиынтығы.
Bank RBK ұсынатын VIP банкингтың артықшылықтары мен Ниеттестік бағдарламасы аясында серіктес-ұйымдар VIP-клиенттерге ұсынатын арнайы ерекше шарттарын бағалауыңызды ұсынамыз.
Банктік қызмет көрсетудің негізгі қағидалары:
Жекеше тілтабу
VIP-клиенттің қалауы бойынша қаржылай өнім мен қызмет көрсетудің арнайы шарттары мен тарифтердің икемді саясатын жүргізу
Жылдамдық
VIP-клиенттің қаржы операцияларын тиімді және рационалды әдіспен тезарада өткізу,VIP-клиенттің шоттарының әрдайым мониторингі, VIP-менеджермен шапшаң байланыс
Құпиялылық
VIP-клиент пен оның банкте өткізетін барлық банктік операциялары бойынша құпиялықты қамтамасыз ету
Кешенділік
банктің бір әмбебап қызметкері – VIP-менеджер арқылы банк өнімдері мен қызмет көрсету, оған қоса барлық ілеспе қызметтер ұсынылады
Жайлылық
VIP-клиент мәртебесіне лайықты қызмет ету шарттары: Банктің арнайы мамандырылған офисі/Банк филиалдарындағы арнайы кабинеттер