Артқа
1 маусымдағы қайырымдылық акциясы
2014 жылғы 22 мамырда Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор ҚР Тұңғыш Президенті Қорымен бірге Балаларды қорғау күніне арналған жылдық қайырымдылық акциясын өткізді. Акция ұраны: «Балалар – бейбітшілік елшілері».
Мерекелік шара шеңберінде Марат Оспанов ат. ҚҚ ұйымдастырған «Мейірім – 2014» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Осы жылы конкурсқа 11 арнайы (түзету) мектеп-интернаттан, екі балалар үйінен, Үміт Үйінен, Алматыдағы SOS Балалар ауласынан мыңнан астам бала қатысты. Байқау жеңімпаздары Марат Оспанов ат. ҚҚ, фестиваль демеушілері, соның ішінде Bank RBK берген дипломдар, естелік жүлделер, сыйлықтар алды.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%