Артқа
26.06.2022

Клиенттердің назарына!

Құрметті клиент, алаяқтардың белсенділігі арта түскендігін хабарлаймыз.

Сізге АЛАЯҚ қонырау шалып тұрғанының 3 белгісі:

1. Ол өзін Ұлттық банктің, қауіпсіздік қызметтің, банктің техникалық бөлімінің, құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырып, сіздің шоттарыңыз бойынша күдікті операция анықталғанын және картаны бұғаттау қажет екендігіне сендіреді. «Қаражатыңызды қорғау үшін» WhatsApp-қа жеке куәлікті жіберіп, деректеріңізді - карта нөмірін, SMS кодты, CVV/CVC, ЖСН және т.б. беруіңізді сұрайды

2. Басқа «қауіпсіз байланыс арнасы» - WhatsApp-қа ауысуды ұсынады, ол арқылы Сізді шатастыруды жалғастырады. Контактінің негізгі суретінде кез келген ұйымның логотипі көрсетілуі мүмкін.

3. Бір немесе әртүрлі банктерде несие алуға және ақшаны «қауіпсіз» шотқа аударуға сендіреді, қорқытып, асықтыруы мүмкін, растау үшін SMS-кодты айтуды сұрайды.

Деректеріңізді және ақшаңызды қорғаудың 3 әрекеті:

1. Мұндай қоңыраулар болған жағдайда сіз ешқандай ақпарат бермей телефонның тұтқасын қойып, Банктің байланыс орталығына өзіңіз хабарласуыңыз керек: 7888 нөміріне қоңырау шалу арқылы сіз өзіңіздің шотыңызға қатысты барлық мәліметтерді нақтылай аласыз. 

2. SMS арқылы келген бір реттік кодты ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де ХАБАРЛАУҒА БОЛМАЙДЫ! Жеке деректерді айтпаңыз, карта мәліметтерін бермеңіз (жарамдылық мерзімі, артқы жағындағы CVV/CVC коды).

3. Телефоныңызға бөгде мобильдік қосымшалар (any desk, team viewer және т.б.) орнатпаңыз және белгілі компаниялардың әртүрлі инвестициялық бағдарламаларын жарнамалайтын және үлкен табыс әкелетін күмәнді сілтемелер мен сайттарға кірмеңіз; мұндай сайттарда деректеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді қалдырмаңыз. Сіз әрқашан алаяқ өзін таныстырған компанияның байланыс орталығына қоңырау шала аласыз. 

Құрметті клиент, Сіз Fingramota.kz қаржылық сауаттылық медиа-порталында «Алаяқтардан сақ болыңыз» айдары бойынша алаяқтықтың негізгі белгілері мен схемалары туралы қосымша ақпаратты таныса аласыз (жоба Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен іске асырылған). 

Назарларыңызға рахмет, өзіңізге және деректеріңізге абай болыңыз!
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%