Артқа
29.01.2015

«Bank RBK» АҚ акционерлері және инвесторлар назарына!

Алматы қаласы, 050012, Әди Шаріпов көшесі, 84 мекен-жайы бойынша орналасқан «Bank RBK Банкі» (бұдан әрі - «Bank RBK» АҚ) 2015 жылдың «26» қаңтарында «Bank RBK» АҚ Директорлар Кеңесімен «Bank RBK» АҚ қарапайым акцияларын (бағалы қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеуі 2015 жылдың 23 қаңтарында № А 3545 бағалы қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеуі туралы Куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады) орналастыру туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды және өз акционерлеріне «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес алу ұсынысы туралы мәлімет жеткізеді.
  • Орналастырылатын бағалы қағаздар түрі – «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары, НИН KZ1С35450010;
  • Жазылым түрі – шектеусіз акционерлер ортасында ашық жазылым.
  • Орналастырылатын бағалы қағаздар саны – 1 000 000 (бір миллион) дана қарапайым акция;
  • Орналастырылатын қарапайым акция санының орналастырылатын қарапайым акция санына қатынасы – 3;
  • Акционер иеліктегі үлесіне пропорционал басымдықпен сатып алу құқығы бойынша иелік ете алатын қарапайым акция санын есептеу үшін, акционер иелік ететін Банктің қарапайым акция санын жоғарыда көрсетілген коэфицентке бөлу қажет. Шыққан нәтижені бүтін санға дейін ықшамдау қажет;
  • «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары орналастыруды бастау күні «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары орналастыру туралы осы хабарландыруды жариялау күні болып табылады, акционер «Bank RBK» АҚ акцияларын орналастыру туралы ақпаратты жариялау күнінен 30 күнтізбелік күн ішінде басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес акция сатып алуға өтінім беруге құқылы;
  • «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары орналастыру құны: бір қарапайым акция үшін 10 000 (он мың) теңге, төлем қолма қол және қолма қол ақшасыз әдісімен;
  • Басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес алынатын «Bank RBK» АҚ орналастырылатын жарияланған қарапайым акциялары үшін төлем сатып алуға өтінім берген күннен отыз күнтізбелік күн ішінде акционермен жүзеге асырылады;
  • «Bank RBK» АҚ қарапайым акцияларын басымдықпен сатып алу құқығына ие акционерлер тізімі 2015 жылдың «26» қаңтары 00 сағат 00 минут жағдайы бойынша құралған:
  • басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларын сатып алуға өтінімдерді (жазылым) (бұдан әрі - Өтінім) қабылдау орны, қарапайым акциялары орналастыру туралы ақпаратты ұсыну және «Bank RBK» АҚ акцияларын шығару проспектімен танысу орны: Алматы қаласы, Әди Шаріпов көшесі, 84 мекен-жайы бойынша «Bank RBK» АҚ Қор басқрамасы, Тайлыбаев Динмахамбет Мурзатаевич, тел. + 7 (727) 330 90 30 (ішкі. 1260), факс: + 7 (727) 292-01-44;
  • Өтінімдер сағат 900 -ден 1800-ге дейін (Астана уақыты бойынша), 1300 -ден 1400-ге дейінгі үзіліспен қабылданады;
  • Жауапты лауазымды тұлға: «Bank RBK» АҚ басқарама Төрағасының Орынбасары Ибраева Каламкас Баглан-Бековна;
  • «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларын алу үшін қажетті акция саны жеткіліксіз акционерлер, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 16 бабымен бекітілген сатып алу шарттарына сәйкес,  «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларын өзге акционерлермен ортақ меншік құқығымен сатып алады;
  • Банктің жарияланған қарапайым акцияларын орналастыру барысында, акционерлер басымдықпен сатып алу құқығымен қолданбаған жағдайда (толық немесе жартылай), Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 16 бабы 1 тармағымен бекітілген мерзімнің өтуімен, қалған акцияларды жазылым әдісімен шектеусіз инвесторлар ортасында берілген бағамен орналастырылады.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%