Артқа
12.07.2018
«Bank RBK» АҚ акционерлері мен инвесторлары назарына!
«Bank RBK» АҚ акционерлер назарына
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Әди Шәріпов к-сі., 84, орналасқан орны бар Банктің Атқарушы органы ретінде «Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамының басқармасы (бұдан былай – Банк) Банк акционерлеріне Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 15 мекен-жайы бойынша 2018 жылдың 28 маусым күні Астана уақытымен сағат 11:00 бастап сағат 11:30 дейін болған Банк Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беру қорытындылары жайында ақпарат береді.
Жиналыс қатысушыларын тіркеуді аяқтаған мезетте1 600 082 500 дауыс тіркелді, бұл Банктің орналастырылған дауыс беретін акциялардың жалпы санынан 99,63% құрайды.
Жиналыстың күн тәртібі
1. 2017 жыл үшін «Bank RBK» АҚ жылдық қаржы есептілігін және 2017 жыл үшін Аудиторлық ұйымның есебін бекіту туралы.
2. 2017 қаржы жылы үшін «Bank RBK» АҚ таза табысын үлестіру тәртібін анықтау туралы. 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Bank RBK» АҚ акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау.
3. 2017 жылдағы «Bank RBK» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарастыру қорытындысы туралы.
4. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің және Атқарушы органының мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы«Bank RBK» АҚ акционерлерін ақпараттандыру.
5. Сыйақы және Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін өтемақы мөлшерін және төлеу шарттарын анықтау туралы.
6. «Bank RBK» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 082 500 дауыс;
Шешім бірауыздан қабылданды.
Жиналыспен бекітілген күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша келесі шешім қабылданды:
Аудиторлық ұйым есебі және 2017 жыл үшін «Bank RBK» АҚ қаржылық есептілігі бекітілсін, оның ішінде:
- Қаржылық жағдайы туралы есеп;
- Жиынтық табыс туралы есеп;
- Капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- Ақшалай қаржының қозғалысы туралы есеп;
- Қаржылық есепке ескертулер.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 082 500 дауыс;
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша келесі шешім қабылданды:
2017 жыл үшін «Bank RBK» АҚ таза табысын үлестірудің келесі тәртібі және жыл үшін бір акцияға дивиденд мөлшерінде бекітілсін:
1. 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Bank RBK» АҚ (ҰСН KZ1P35450116) артықшылықты акциялары бойынша келесі шарттармен дивидендтер төленсін:
- Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге 4 500 (төрт мың бес жүз) теңге бағытталсын;
- Бір артықшылықты акция үшін дивиденд мөлшері – 0,01 теңге;
- Дивидендтер төленетін кезең – аяқталған 2017 қаржы жыл үшін.
- Дивидендтер төлеу басталатын күн – 2018 жылдың 16 шілдесінен бастап;
- Дивидендтер төлеу тәртібі және үлгісі – акционерлердің банктік шоттарына қолма қолсыз төлеммен;
- Дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2018 жылғы 15 шілдедегі 00 сағат 00 минут жағдай бойынша құрылған;
- Толық атауы, орналасқан орны, банктік деректемелері:
«Bank RBK» Банкі» акционерлік қоғамы,
Мекен-жайы: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84,
Банктік шот: ҚР ҰБ ММ-дегі ЖСК KZ57125KZT1002300244, БСК NBRKKZKX, БеК 14.
2. «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивидендтер (ҰСН KZ1C35450010) есептелмейді және төленбейді.
Мекен-жайы: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84,
Банктік шот: ҚР ҰБ ММ-дегі ЖСК KZ57125KZT1002300244, БСК NBRKKZKX, БеК 14.
2. «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивидендтер (ҰСН KZ1C35450010) есептелмейді және төленбейді.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 000 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – 82 500 дауыс.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беруші акцияларының жалпы санының қарапайым көпшілігімен қабылданды.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша келесі шешім қабылданды:
2017 жыл ішіндегі Банктің және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне Банк акционерлерінің өтініштері және оларды қарастыру туралы ақпаратты назарға қабылдансын.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 082 500 дауыс;
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша келесі шешім қабылданды:
«Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің және атқарушы органының мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпарат назарға қабылдансын.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 000 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – 82 500 дауыс.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беруші акцияларының жалпы санының қарапайым көпшілігімен қабылданды.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша келесі шешім қабылданды:
Сыйақы және «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін өтемақы мөлшерін және төлеу шарттары келесідей анықталсын:
1. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттерін орындағаны үшін тиянақталған сыйақы (жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы аударымдарын шегеруді ескермегенде) мөлшері анықталған, оған осы ерікті медициналық сақтандыру шығындары және «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі мүшесіне сыйақы төлеу шарттары кіреді.
2. Осы Шешімді орындау мақсатында бұрын жасалған шартқа қосымша келісім жасауды және барлық қажетті іс-шараларды жасауды Басқарма Төрайымына тапсырылсын.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 000 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – 82 500 дауыс.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беруші акцияларының жалпы санының қарапайым көпшілігімен қабылданды.
Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша келесі шешім қабылданды:
1. «Bank RBK» АҚ Жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Банктің атқарушы органының орналасқан орны «Bank RBK» АҚ жаңа редакциядағы Жарғыға сәйкес өзгертілсін.
3. Банктің Басқарма Төрайымына:
«Bank RBK» Жарғысына қол қою;
«Bank RBK» Жарғысын әділет органдарында тіркеу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлау тапсырылсын.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 082 500 дауыс;
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Bank RBK» Жарғысын әділет органдарында тіркеу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлау тапсырылсын.
Дауыс беруге 1 600 082 500 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Жақ» – 1 600 082 500 дауыс;
Шешім бірауыздан қабылданды.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%