Артқа
16.01.2018

«Bank RBK» АҚ акционерлері және инвесторлар назарына

 Алматы қаласы, 050012, Әди Шәріпов көшесі, 84 мекенжайы бойынша орналасқан «Bank RBK Банкі» (бұдан әрі - «Bank RBK» АҚ) 2018 жылдың «15» қантарында «Bank RBK» АҚ Директорлар Кеңесімен «Bank RBK» АҚ қарапайым акцияларын (бағалы қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеуі 2017 жылдың 29  желтоқсанында №А3545 бағалы қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеуі туралы Куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады) орналастыру туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды және өз акционерлеріне «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес алу ұсынысы туралы мәлімет жеткізеді.

·           Орналастырылатын бағалы қағаздар түрі – «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары, ҰСН KZ1С35450010.

·           Орналастырылатын бағалы қағаздар саны – 4 000 000 (төрт миллион) дана акция.

·           Жазылым түрі – шектеусіз инвесторлар ортасында ашық жазылым.

·        Орналастырылған қарапайым акция санының орналастырылатын қарапайым акция санына қатынасы – 313,9975. Акционер иеліктегі үлесіне пропорционал басымдықпен сатып алу құқығы бойынша иелік ете алатын қарапайым акция санын есептеу үшін, акционер иелік ететін Банктің қарапайым акция санын  жоғарыда көрсетілген коэффициентке бөлу қажет. Шыққан нәтижені бүтін санға дейін ықшамдау қажет.

·           «Bank RBK» АҚ қарапайым акцияларын орналастыруды бастау күні «Bank RBK» АҚ қарапайым акциялары орналастыру туралы осы хабарландыруды жариялау күні болып табылады

·         Акционер басымдықты сатып алу құқығына сәйкес «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларды алуға өтінім беру ішіндегі мерзім (бұдан әрі - Өтінім), «Bank RBK» АҚ акцияларды орналастыру туралы ақпаратты жариялау күнінен бастап отыз күнтізбелік күнді құрайды («Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16б. 1 т. (бұдан әрі АҚ туралы ҚРЗ) сәйкес.

·          2012 жылдың 13 ақпанының №31 ҚРҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген бағалы қағаздарды басымдықты сатып алу және одан бас тартуға акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын жүзеге асыру Ережелеріне сәйкес «Bank RBK» АҚ акцияларды басымдықты сатып алу құқығына ие акционерлер тізімі 2018 жылдың «15» қантары 00 сағат 00 минут жағдайы бойынша құралған (бұдан әрі - Тізім).

·          «Bank RBK» АҚ акциялары үшін төлемді тек қана ақшалай қолма қол және қолма қолсыз түрде жүргізу.

·        Басымдықты сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын «Bank RBK» АҚ акцияларының төлемі оларды сатып алуға өтінім ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде акционермен жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша акцияларды төлемеген жағдайда, өтінім жарамсыз болып есептеледі.

·           «Bank RBK» АҚ қарапайым акцияларын орналастыру бағасы – бір акция үшін 100 (жүз) теңге.

·           Өтінімдерді қабылдауды жүргізу, «Bank RBK» АҚ қарапайым акцияларын орналастыру туралы ақпаратты ұсыну және «Bank RBK» АҚ акцияларды шығару проспектісімен танысу орны: Алматы қ., Республика алаңы, 15, «Bank RBK» АҚ Қор басқармасы, Тайлыбаев Динмахамбет Мурзатаевич, тел. + 7 (727) 330 90 30 (ішкі. 1260), факс: + 7 (727) 292-01-44.

·           Өтінімдер сағат 09.00 бастап 18.00 дейін (Астана уақыты бойынша), сағат 13.00 бастап 14.00 дейін үзіліспен қабылданады.

·           Жауапты лауазымды тұлға: «Bank RBK» АҚ Басқарма Төрайымы Жакубаева М.К.

·          «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларын алу үшін қажетті акция саны жеткіліксіз акционерлер, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 16 бабымен бекітілген сатып алу шарттарына сәйкес,  «Bank RBK» АҚ орналастырылатын қарапайым акцияларын өзге акционерлермен ортақ меншік құқығымен сатып алады.

·        Банктің жарияланған қарапайым акцияларын орналастыру барысында, акционерлер басымдықпен сатып алу құқығымен қолданбаған жағдайда (толық немесе жартылай), Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 16 бабы 1 тармағымен бекітілген мерзімнің өтуімен, қалған акцияларды жазылым әдісімен шектеусіз инвесторлар ортасында берілген бағамен орналастырылады.

·         Тізімді құру күнінен бастап Банк акционері Өтінім ұсынатын мерзімнің өтуіне дейінгі мерзімде Банк акционерінің акцияларды мүліктен шығаруы кезінде бұл құқық акциялардың жаңа меншік иесіне ауысады, егер бастапқы меншік иесі мұндай өтінім ұсынбаса.  Бұл жағдайда акциялардың жаңа меншік иесі Өтінімге «Bank RBK» АҚ акцияларға меншік құқығын растаумен бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрлер жүйесінен үзінді-көшірме тіркейді және өтінімде жеке тұлғаның тегін, атын (болса – әкесінің атын) немесе Банк акцияларының бастапқы меншік иесі болып табылатын заңды тұлғаның атауын көрсетеді.

 

 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%