«Bank RBK» АҚ акционерлері мен инвесторлары назарына!
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84, мекенжайы бойынша орналасқан «Bank RBK» Банкі» Акционерлік Қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – Банк), Банктің Атқарушы органы ретінде Банк акционерлеріне акционерлердің 2017 жылдың 31 мамыр күні Алматы қаласы, Республика алаңы, 15 мекенжайы бойынша Астана уақытымен сағат 10:55 бастап 12:00 дейін өткізілген жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша дауыс беру нәтижесі жайында хабарлайды.
Жиналысқа Банктің орналастырылған акциялардың жалпы санының 80,94%-ын құрайтын Банктің 5 212 460 акциясына ие, оның ішінде Банктің дауыс беруші акциялар санының 79,52%-ын құрайтын 4 763 500 қарапайым акциясына ие акционерлер қатысты.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. 2016 жылға «Bank RBK» АҚ жылдық қаржылық есептілігін және 2016 жылға аудиторлық ұйымның Есебін бекіту туралы.
2. 2016 қаржы жылына «Bank RBK» АҚ таза табысын үлестіру тәртібі туралы. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Bank RBK» АҚ акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау.
3. 2016 жылы «Bank RBK» АҚ әрекеттеріне акционерлердің және оның лауазымды тұлғаларының өтініш білдіруі туралы және оларды қарастыру қорытындысы туралы.
4. Директорлар кеңесі мүшелерінің және «Bank RBK» АҚ атқарушы органының сыйақы мөлшері және құрамы туралы Банк акционерлерін ақпараттандыру туралы.
5. «Bank RBK» АҚ орналастырылған акцияларды сатып алу Ережесін және оларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алу кезінде акция бағасын анықтау әдістерін жаңа редакцияда бекіту туралы.
Жиналыспен бекітілген күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша:
Тәуелсіз аудиторлардың есебі және «Bank RBK» АҚ-ның 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілігі бекітілсін, оның ішінде:
- Қаржылық жағдай туралы есеп;
- Жиынтық табыс туралы есеп;
- Меншікті қаражат құрамындағы өзгерістер туралы есеп;
- Ақша қозғалысы туралы есеп;
- Қаржылық есептілікке ескерту.·
Дауыс беруге 4 763 500 дауыс қатысты:
«Жақ» -4 763 500 дауыс;
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша:
Банктің 2016 жылғы таза табысын үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін:
1. 2016 жылдың қортындысы бойынша келесі талаптарға сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер төленсін:
- Артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер төлеуге бағытталсын 472 500 000 (төрт жүз жетпіс екі миллион бес жүз мың) теңге бағытталсын;
- Бір артықшылықты акцияға дивидент мөлшері – 1 050 теңге;
- Дивидент төленетін мерзім – аяқталған 2016 қаржылық жыл үшін.
- Дивиденттерді төлеу уақытының басталуы – 2017 жылдың 19 маусымы;
- Дивиденттерді төлеу тәртібі және нысаны – акционерлердің банктік шоттарына қолма қол ақшасыз төлем;
- Дивиденттерді алуға құқылы акционерлер тізімі 2017 жылдың 15 маусымы 00 сағат 00 минут жағдайы бойынша құрылады;
- Толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері: «Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамы, мекенжайы: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84, Банктік шот: ҚР ҰБ ММ-дегі ЖСК KZ57125KZT1002300244, БСК NBRKKZKX, Кбе 14.
2. Қарапайым акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
3. 2016 жыл үшін 4 977 098 006,43 (төрт миллиард тоғыз жүз жетпіс жеті миллион тоқсан сегіз мың алты теңге және қырық үш тиын) теңге мөлшеріндегі Банктің таза табысы Банктің үлестірілмеген құрамында қалдырылсын.
Дауыс беруге 4 763 500 дауыс қатысты:
«Жақ» -4 653 500 дауыс;
«Қарсы» -110 000 дауыс;
«Қалыс қалды» -жоқ.
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беруші акцияларының жалпы санының қарапайым басым бөлігімен қабылданды.
Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша:
2016 жыл ішінде Банктің әрекеттеріне акционерлердің және оның лауазымды тұлғаларының өтініштері жоқтығы туралы ақпаратты ескеру.
Дауыс беруге 4 763 500 дауыс қатысты:
«Жақ» -4 763 500 дауыс;
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің төртінші сұрағы бойынша:
2016 жыл ішінде Банктің әрекеттеріне акционерлердің және оның лауазымды тұлғаларының өтініштері жоқтығы туралы ақпаратты ескеру.
Дауыс беруге 4 763 500 дауыс қатысты:
«Жақ» -3 427 500 дауыс;
«Қарсы» -1 226 000 дауыс;
«Қалыс қалды» -жоқ.
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беруші акцияларының жалпы санының қарапайым басым бөлігімен қабылданды.
Күн тәртібінің бесінші сұрағы бойынша:
«Bank RBK» АҚ орналастырылған акцияларды сатып алу Ережесін және оларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алу кезінде акция бағасын анықтау әдістерін жаңа редакцияда бекітілсін және «КазИнКомБанк» АҚ орналастырылған акцияларды сатып алу Ережесі және 2006 жылдың 15 сәуірінде Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысымен бекітілген, сатып алынатын акциялардың бағасын анықтау әдісі күші жойылды деп танылсын.
Дауыс беруге 5 212 460 дауыс қатысты:
«Жақ» -5 102 460 дауыс, оның ішінде:
- қарапайым акцияларға иелік ететін акционерлерге тиесілі 4 763 500 дауыс;
- артықшылықты акцияларға иелік ететін акционерлерге тиесілі 448 460 дауыс;
«Қарсы» -110 000 дауыс;
- қарапайым акцияларға иелік ететін акционерлерге тиесілі 110 000 дауыс;
- артықшылықты акцияларға иелік ететін акционерлерге тиесілі 0 дауыс;
«Қалыс қалды» -жоқ.
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беруші акцияларының жалпы санының қарапайым басым бөлігімен қабылданды.