«Bank RBK» АҚ акционерлерінің назарына
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары
«Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) Басқармасы, Банктің атқарушы органы ретінде өзінің орналасқан жері: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 15, Банк акционерлеріне 2023 жылғы 27 қазандағы Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00–ден 11:30-ға дейін Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы көшесі, 15 мекенжайында өткен Банк акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі - Жиналыс) күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде 1 441 383 349 дауыс тіркелді, бұл Банктің орналастырылған дауыс беретін акцияларының жалпы санының 89,75%-ын құрайды.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. «Bank RBK» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
Дауыс беруге 1 441 383 349 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 441 383 349 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданды.
Жиналыс бекіткен күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
1. Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Болат Бидахметович Жамишев тәуелсіз директор – «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып қайта сайлансын.
2. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің сайланған мүшесінің өкілеттік мерзімі 1 (бір) жыл болып белгіленсін.
3. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің сайланған мүшесіне сыйақы мөлшері мен сыйақы төлеу шарттары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Дауыс беруге 1 441 383 349 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 441 383 349 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды
Шешім Банктің дауыс беруге қатысатын дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданды.