«Bank RBK» АҚ акционерлерінің назарына
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары
«Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) Басқармасы, Банктің атқарушы органы ретінде өзінің орналасқан жері: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 15, Банк акционерлеріне 2022 жылғы 30 мамырда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 11:00–ден 11:30-ға дейін Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы көшесі, 15 мекенжайы бойынша өткен Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі - Жиналыс) күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде 1 601 226 000 дауыс тіркелді, бұл Банктің орналастырылған дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,7%-ын құрайды
Жиналыстың күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. «Bank RBK» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Bank RBK» АҚ-ның 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық ұйымның 2021 жылға арналған есебін бекіту туралы.
3. «Bank RBK» АҚ-ның 2021 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін айқындау туралы. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Ваnk RBK» АҚ акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау.
4. Банк акционерлерін «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі мен атқарушы орган мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету туралы.
5. «Bank RBK» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының 2021 жылғы іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. Банктің директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалауды қарау туралы.
Дауыс беруге 1 601 226 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 601 226 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Жиналыс бекіткен күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
«Bank RBK» АҚ-ның 2021 жылға арналған қаржылық есептілігін тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен бірге бекіту, оның ішінде:
• Қаржылық жағдай туралы жеке есеп;
• Жиынтық табыс туралы жеке есеп.
• Капитал құрамындағы өзгерістер туралы жеке есеп.
• Ақша қозғалысы туралы жеке есеп.
• Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп;
• Жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есеп;
• Капиал құрамындағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп;
• Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;
• Жеке қаржылық есептілікке ескертулер.
• Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертулер.
Дауыс беруге 1 601 226 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 601 226 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
1. «Bank RBK» АҚ-ның 2021 жылғы таза кірісі бөлінбесін.
2. «Bank RBK» АҚ-ның 2021 жылғы таза табысы келесі шешімдер қабылданғанға дейін «Bank RBK» АҚ иелігінде сақталсын.
Дауыс беруге 1 601 226 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 601 226 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
2021 жылдың нәтижелері бойынша «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі мен атқарушы орган мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
Дауыс беруге 1 601 226 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 601 226 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
«Bank RBK» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының 2021 жылғы іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат назарға алынсын.
Дауыс беруге 1 601 226 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 601 226 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
Директорлар кеңесі мүшелерінің 2021 жылдың нәтижелері бойынша қойылған бағалары назарға алынсын.
Дауыс беруге 1 601 226 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындылары:
«Иә» – 1 601 226 000 дауыс;
«Қарсы» – жоқ;
«Қалыс қалды» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.