Артқа
26.03.2018
«Bank RBK» АҚ акционерлер назарына
«Bank RBK»АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Әди Шәріпов к-сі., 84, орналасқан орны бар Банктің Атқарушы органы ретінде «Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамының басқармасы (бұдан былай – Банк) Банк акционерлеріне Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 15 мекен-жайы бойынша 2018 жылдың 14 наурыз күні Астана уақытымен сағат 11:00 бастап сағат 12:00 дейін болған Банк Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беру қорытындылары жайында ақпарат береді.Жиналыс қатысушыларын тіркеуді аяқтаған мезетте 1 600 918 000 дауыс тіркелді, бұл Банктің орналастырылған дауыс беретін акциялардың жалпы санынан 99,68% құрайды.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
Қабылданған шешім:
«Bank RBK» Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының келесі күн тәртібін бекіту:
1. «Bank RBK» Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекітілсін.
2. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, олардың өкілеттік мерзімін белгілеу, директорлар кеңесінің кейбір мүшелерінің өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату, сонымен қатар директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы және өтемақы мөлшерін және төлеу шарттарын белгілеу туралы.
Дауыс беруге 1 600 918 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Қолдаймын» – 1 600 918 000 дауыс;
«Қарсымын» – жоқ;
«Қалыс қалдым» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Дауысқа салынды: Акентьева Наталья Евгеньевнаны «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайлау және өкілеттік мерзімін - қайта сайланғанға дейін белгілеу.
Дауыс беру қорытындысы:
1. 2018 жылдың 14 наурызынан бастап Акентьева Наталья Евгеньевнаны «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайлау.
Дауыс беруге 1 600 918 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Қолдаймын» – 1 600 918 000 дауыс;
«Қарсымын» – жоқ;
«Қалыс қалдым» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
2. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Акентьева Наталья Евгеньевнаның өкілеттік мерзімі - қайта сайланғанға дейін белгілеу.
Дауыс беруге 1 600 918 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Қолдаймын» – 1 600 918 000 дауыс;
«Қарсымын» – жоқ;
«Қалыс қалдым» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Дауысқа салынды:
«Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шарттарын және сыйақы мөлшерін келесідей белгіленсін:
1) «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндетін атқарғаны үшін тиянақталған сыйақы мөлшерін белгілеу (жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы аударымдарын шегергенде), оған ерікті медициналық сақтандыру шығындары кіреді, және Хаттама Қосымшасына сәйкес «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу шарттарын белгілеу.
2) оған артылған басқарушылық міндеттері орындаумен байланысты «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметтік іс-сапары және сапарлары бойынша шығындарын Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, Банктің құжаттарымен белгіленген лимиттері шегінде өтеу.
3) Өзара қызметтестік орнату немесе қолдау бойынша іс-шаралар жүргізуге «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының өкілдік шығын мөлшерін Банктің құжаттарымен белгіленген тәртіпте айына 150 000теңге мөлшерінде белгіленсін.
4) барлық қажетті іс-шаралар жүргізу және тиісті шарттарды және/немесе осы Шешімді орындау мақсатында бұрын жасалған шарттардың қосымша келісімдерін жасау Басқарма Төрайымына тапсыру.
Дауыс беруге 1 600 918 000 дауыс қатысты. Дауыс беру қорытындысы:
«Қолдаймын» – 1 600 918 000 дауыс;
«Қарсымын» – жоқ;
«Қалыс қалдым» – жоқ.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Осылайша, Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші сұрақ аясында келесі ШЕШІМДЕР қабылданды:
1. 2018 жылдың 14 наурызынан бастап Акентьева Наталья Евгеньевнаны «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайлансын.
2. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Акентьева Наталья Евгеньевнаның өкілеттік мерзімі - қайта сайланғанға дейін белгіленсін.
3. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шарттарын және сыйақы мөлшерін келесідей белгіленсін:
1) «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндетін атқарғаны үшін тиянақталған сыйақы мөлшері белгіленсін (жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы аударымдарын шегергенде), оған ерікті медициналық сақтандыру шығындары кіреді, және Хаттама Қосымшасына сәйкес «Bank RBK»АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу шарттары белгіленсін.
2) оған артылған басқарушылық міндеттері орындаумен байланысты «Bank RBK»АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметтік іс-сапары және сапарлары бойынша шығындарын Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, Банктің құжаттарымен белгіленген лимиттері шегінде өтелсін.
3) Өзара қызметтестік орнату немесе қолдау бойынша іс-шаралар жүргізуге «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының өкілдік шығын мөлшерін Банктің құжаттарымен белгіленген тәртіпте айына 150 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Барлық қажетті іс-шаралар жүргізу және тиісті шарттарды және/немесе осы Шешімді орындау мақсатында бұрын жасалған шарттардың қосымша келісімдерін жасау Басқарма Төрайымына тапсырылсын.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%