Артқа
28.11.2016

«Bank RBK» АҚ акционерлер назарына!

Акционерлер отырысын өткізусіз сырттай дауыс беру арқылы «Bank RBK» Банкі» акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының қортындысы
 
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84, мекенжайы бойынша орналасқан «Bank RBK» Банкі» Акционерлік Қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – Банк), Банктің Атқарушы органы ретінде Банк акционерлеріне акционерлердің 2016 жылдың 15 қараша күні өткізілген сырттай дауыс берудің бірыңғай үлгісін (бұдан әрі - Бюллетендер) акционерлерге жіберу арқылы Атқарушы органның орналасқан орны бойынша Акционерлер отырысын өткізусіз сырттай дауыс беру арқылы «Bank RBK» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының қортындысы туралы хабарлайды.
 
Жиналыста 2016 жылдың 15 қарашасындағы сағат 10:10 жағдай бойынша 14 Бюллетень ұсынылды. АҚ туралы Заңның 49 бабына сәйкес келіп түскен Бюллетендер тиісті түрде толтырылған және жарамды деп танылды.
 
АҚ туралы Заңның 45 бабының 1 тармағына сәйкес Жиналыста Банктің 4 790 319дана акциясы немесе «Bank RBK» АҚ-ның дауыс беру акциясының жалпы мөлшерінің 87,8958%-ы бар, оның ішінде:
- Банктің қарапайым акцияларының 4 340 320 данасы немесе «Bank RBK» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы санының 86,8064 %-ы;
- 449 999 дана артықшылықты акциялар немесе «Bank RBK» АҚ артықшылықты акцияларының жалпы санының 99,9998%-ы.
 
Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша келесі шешім қабылданды:
«Bank RBK» АҚ жарияланған қарапайым акциялар санын 3 000 000 (үш миллион) қарапайым акцияға өсірілсін. 
Дауыс беруге Банктің қарапайым акцияларына иелік ететін акционерлер қатысты.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» - 4 340 320 дауыс.
 
Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша келесі шешім қабылданды:
Егер артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер есептеу нормативтердің белгіленген мәннен төмендеуіне алып келсе, Банктің Атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептемеу құқығын қарастырылсын. 
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» – 4 790 319 дауыс, оның ішінде:
· 4 340 320 дауыс - Банктің дауыс беруші акцияларын ұстайтын акционерлердікі;
· 449 999 дауыс - Банктің артықшылықтыакцияларын ұстайтын акционерлердікі.
«Қарсы» – 0 дауыс;
«Қалыс қалу» – 0 дауыс.

Жиналыстың күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша келесі шешім қабылданды:
Банк акционерлерінің 2014 жылғы 29 желтоқсанында Кезектен тыс жиналысының шешімен бекітілген «Bank RBK» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар» бекітілсін.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» – 4 790 319 дауыс, оның ішінде:
· 4 340 320 дауыс - Банктің дауыс беруші акцияларын ұстайтын акционерлердікі;
· 449 999 дауыс - Банктің артықшылықтыакцияларын ұстайтын акционерлердікі.
«Қарсы» – 0 дауыс;
«Қалыс қалу» – 0 дауыс.

Жиналыстың күн тәртібіндегі төртінші сұрақ бойынша келесі шешім қабылданды:
2012 жылғы 30 қарашасында Банк акционерлерінің Кезектен тыс жиналысының шешімен бекітілген «Bank RBK» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар»бекітілсін.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» – 4 790 319 дауыс, оның ішінде:
· 4 340 320 дауыс - Банктің дауыс беруші акцияларын ұстайтын акционерлердікі;
· 449 999 дауыс - Банктің артықшылықтыакцияларын ұстайтын акционерлердікі.
«Қарсы»  – 0 дауыс;
«Қалыс қалу» – 0 дауыс.

Жиналыстың күн тәртібіндегі бесінші сұрақ бойынша келесі шешім қабылданды:
2014 жылғы 29 мамырдағы Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «Bank RBK» АҚ Дивидендтік саясатына өзгерістер мен толықтырулар» бекітілсін.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» – 4 790 319 дауыс, оның ішінде:
· 4 340 320 дауыс - Банктің дауыс беруші акцияларын ұстайтын акционерлердікі;
· 449 999 дауыс - Банктің артықшылықтыакцияларын ұстайтын акционерлердікі.
«Қарсы» – 0 дауыс;
«Қалыс қалу» – 0 дауыс.

Жиналыстың күн тәртібіндегі алтыншы сұрақ бойынша келесі шешім қабылданды:
2014 жылғы 29 желтоқсанындағы Банк акционерлерінің Кезектен тыс жиналысының шешімен бекітілген «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар» бекітілсін.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ»  – 4 790 319 дауыс, оның ішінде:
· 4 340 320 дауыс - Банктің дауыс беруші акцияларын ұстайтын акционерлердікі;
· 449 999 дауыс - Банктің артықшылықтыакцияларын ұстайтын акционерлердікі.
«Қарсы» – 0 дауыс;
«Қалыс қалу» – 0 дауыс.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%