Артқа
24.06.2016

«Bank RBK» АҚ акционерлер назарына!

Құрметті Акционер!

«Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк, қоғам) Басқармасы, Банктің Атқарушы органы ретінде өзінің орналасқан орнымен: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84 акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізусіз сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды.
Банк акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы «Дирекция по управлению имуществом «Фонд-Инвест» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Банктің ірі акционерінің бастамасымен, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының (бұдан әрі – АҚ туралы Заң) 37 бабына сәйкес шақыртылды.
Банк Директорларының кеңесі Банк акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жиналыс) акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізусіз, бірегей нысандағы сырттай дауыс беру үшін акционерлерге бюллетендерді жөнелту арқылы (бұдан әрі - Бюллетендер) өткізутуралы шешім қабылдады.
Жиналыстаға дауыстарды есептеу үшін Акционерлерге Бюллетендерді ұсынудың соңғы күні: 2016 жылдың 10 тамызы, сағат 10:00.
Дауысты санау «Bank RBK» Атқарушы органының орналасу орны бойынша: 2016 жылдың 10 тамызы сағат 10:10-нан бастап 12:00-ге дейін жүргізіледі.
Жиналыс өткізу кезінде кворум болмаған жағдайда Жиналыс қайта өткізілмейді.
Жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылдың 23 маусымындағы сағат 00:00 жағдай бойынша құрылған.
 
Жиналыстың күн тәртібі:
1.      «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау, сонымен қатар оныңқұзыреттілік мерзімін, сыйақы мөлшерін және төлеу тәртібін және өз міндеттерін орындағаны үшін шығынды өтемақысын  анықтау.
Жиналыстың күн тәрбіндегі сұрақтар бойынша материалдар Банктің жеке хаттарымен қоса акционерлерге жөнелтілді.
 
Сырттай дауыс беруді жүргізу тәртібі және сырттай дауыс беру үшін процедуралар
АҚ туралы Заңның 45 бабына сәйкес бюллетеньдермен берілген және жалпы жиналысқа қатысушыларды тіркеу кезінде қоғам алған дауыстар кворумды айқындау және дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде есепке алынады.
Егер Бюллетендерді тiркеу аяқталған кезде оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер Бюллетендері тiркелсе, Жиналыс күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке адам - акционер осы адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы қол қоюға және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) куәландырылуға тиіс.
Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының қолы қойылмаған, сондай-ақ заңды тұлғаның мөрі жоқ (ол болған кезде) бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Дауыстарды есептеу кезінде акционер бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы қойылған мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.
 
Тиісті түрде толтырылған бюллетеньдер барлық акционерлерден дауыстарды санау белгіленген күннен бұрын келіп түскен болса, онда дауыстарды уақытынан ертерек күні санауға жол беріледі.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%