Артқа
08.06.2016

«Bank RBK» АҚ акционерлер назарына

«Bank RBK» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қортындысы
 
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84, мекенжайы бойынша орналасқан «Bank RBK» Банкі» Акционерлік Қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – Банк), Банктің Атқарушы органы ретінде Банк акционерлеріне акционерлердің 2016 жылдың 30 мамыр күні Алматы қаласы, Медеу ауданы, Фурманов көшесі, 269а, мекенжайы бойынша өткізілген жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі - Жиналыс) күн тәртібі мәселелері бойынша дауыс беру қортындысы туралы хабарлайды.
 
Жиналысқа 4 388 500 қарапайым акциясы бар акционерлер қатысты, бұл Банктің  дауыс беру акцияларының 87,77%-ын құрайды.
 
Жиналыспен бекітілген күн тәртібі бойынша келесі шешімдер қабылданды:
 
Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша:
Тәуелсіз аудиторлардың есебін және «Bank RBK» АҚ-ның 2015 жылға қаржылық есептемесі бекітілсін, оның ішінде:
·           Қаржылық жағдай туралы есеп;
·           Жиынтық табыс туралы есеп;
·           Меншікті қаражат құрамындағы өзгерістер туралы есеп;
·           Ақша қозғалысы туралы есеп;
·           Қаржылық есептемеге ескерту.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» -4 388 500 дауыс.
 
Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша:
Банктің 2015 жылғы табысын үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін:
1.        2015 жылдың қортындысы бойынша келесі шарттар бойынша артықшылықты акцияларға дивиденттер төленсін:
·           2015 қаржы жылында алынған барлық табыс (290 224 мың теңге) артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер төлеуге бағытталсын;
·           Бір артықшылықты акцияға дивидент мөлшері – 644,94 теңге;
·           Дивидент төленетін мерзім – аяқталған 2015 қаржылық жыл үшін.
·           Дивиденттерді төлеу уақытының басталуы – 2016 жылдың 16 маусымы;
·           Дивиденттерді төлеу тәртібі және нысаны – акционерлердің банктік шоттарына қолма қол ақшасыз төлем;
·           Дивиденттерді алуға құқылы акционерлер тізімі 2016 жылдың 13 маусымы 00 сағат 00 минут жағдайы бойынша құрылады;
·           Толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері:
«Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамы,
мекенжайы: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84,
Банктік шот: ҚР ҰБ ММ-дегі ЖСК KZ57125KZT1002300244, БСК NBRKKZKX, Кбе 14.
2.        Қарапайым акциялар бойынша дивиденттер есептелмесін және төленбесін.
Шешім дауыс беруге қатысатын Банктің дауыс беруші акцияларының басымдылығымен қабылданды.
«Жақ» -4 278 500 дауыс;
«Қарсы» -жоқ;
«Қалыс қалған» -110 000 дауыс.

 
Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша:
2015 жылы ішінде Банк және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне Банк акционерлері тарапынан үндеулер жоқ екені туралы ақпарат назарға алынсын.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» -4 388 500 дауыс.
 
Күн тәртібінің төртінші сұрағы бойынша:
2015 жылдың қортындысы бойынша «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органдарының сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
Шешім дауыс беруге қатысатын Банктің дауыс беруші акцияларының басымдылығымен қабылданды.
«Жақ» -4 278 500 дауыс;
«Қарсы» -110 000 дауыс;
«Қалыс қалған» -жоқ.
 
Күн тәртібінің бесінші сұрағы бойынша:
«Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Касенов Арман Бакитжановичтің құзыреттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылсын.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» -4 388 500 дауыс.
Токсанбаев Гани Берекетевич «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып сайлансын.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» -4 388 500 дауыс.
«Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор Токсанбаев Гани Берекетевичтің құзыреттілік мерзімі – 5 (бес) жылға белгіленсін.
Шешім бірауыздан қабылданды.
«Жақ» -4 388 500 дауыс.
Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшері және төлеу шарты белгіленсін.
Шешім дауыс беруге қатысатын Банктің дауыс беруші акцияларының басымдылығымен қабылданды.
«Жақ» -4 278 500 дауыс;
«Қарсы» -110 000 дауыс;
«Қалыс қалған» -жоқ.
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%