Артқа
13.05.2016

«Bank RBK» АҚ акционерлерінің назарына


 
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының өтуі туралы
Х А Б А Р Л А М А

«Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) Басқармасы, Банктің Атқарушы органы ретінде өзінің орналасқан орнымен: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84 Банктің Директорлар кеңесі 2016 жылдың 13 мамырында Банк Акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі - Жиналыс) өткізу орынын өзгерту туралы және Күн тәртібіне толықтыру енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының (бұдан әрі – АҚ туралы Заң) 43 бабының 1 т. сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін, мұндай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей хабарланған жағдайда, ірі акционер немесе директорлар кеңесі толықтыруы мүмкін.
АҚ туралы Заңның 40 бабының талаптарын ескере отырып, Жиналыс 2016 жылдың 30 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де 050059, Алматы қ., Медеу ауданы, Фурманов к-сі, 269а мекенжайы бойынша өтеді.
 
Оған қоса Жиналыстың күн тәртібі келесі сұрақпен толықтырылды:
5. Директорлар кеңесінің кейбір мүшелерінің құзыреттігін мерзімнен бұрын тоқтату. Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін тағайындау, олардың құзыреттілігінің мерзімін, сыйақы төлеудің шарттарын және мөлшерін белгілеу.
 
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2016 жылдың 28 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ құрылған.
Жиналысқа қатысу және онда дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін құрғаннан кейін, бұл тізімге кірген тұлға өзінің иелігіндегі қоғамның дауыс беру акцияларына иесіздендіру жүргізген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл орайда, акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттары болуы қажет.
Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдар таныстыру үшін 2016 жылдың 19 мамырында Атқарушы органның орналасу орны бойынша қолжетімді болады.
Анықтама телефондары: (727) 330 90 30, ф.(727) 292-01-44.
 
Жиналыс ашылғанға дейін, 2016 жылдың 30 мамыры күні сағат 10:00-ден бастап 10:50-ге дейін Жиналыс өткізу орны бойынша келген акционерлердің тіркеуі өтеді. Өзінде жеке басын растайтын құжат және акционерлер өкілдерінің өкілеттігін растайтын сенімхат (жиналыста акционер мүддесін өкілдік ету кезінде) болуы қажет. Тіркеуден өтпеген акционер (акционер өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайта Жиналыс 2016 жылдың «31» мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де сол мекенжай бойынша өтеді. Қайта Жиналыс қатысушыларының тіркеуі жиналыс өту орнында 2016 жылдың 31 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден до 10:50-ге дейін жүргізіледі.
 
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытында ашылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыс ашу уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайларды есепке алмағанда, бұрын жарияланған уақытынан ерте ашылмайды.
Жиналыс төрағаның (президиум) және Жиналыс хатшысының сайлауын өткізеді және дауыс беру нысанын анықтайды. Акционерлердің жалпы жиналысы төрағасын (президиум) және хатшысын сайлау бойынша дауыс беру кезінде әр акционер бір дауысқа ие және дауыс берушілердің көпшілігінің таңдауымен шешім қабылданады.
Атқарушы орган мүшелері, жиналысқа қатысатын барлық акционерлер атқарушы органға кіру жағдайын есепке алмағанда, акционерлердің жалпы жиналысына өкілдік ете алады.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу кезінде оның төрағасы қарастырылған сұрақ бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сонымен қатар ол бойынша дауыс беру әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Мұндай сөз сөйлеу акционерлердің жалпы жиналысының  регламентін бұзса немесе аталған сұрақ бойынша пікірталас тоқтатылған жағдайларды есепке алмағанда, Төраға күн тәртібіндегі сұрақты талқылауға қатысуға құқығы бар тұлғалардың сөз сөйлеуіне кедергі келтіруге құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өз жұмысының үзілісі туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, соның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелей сұрақтарын қарастыру мерзімін келесі күнге ауыстыру туралы шешімін қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық сұрақтарды қарастырғаннан кейін және олар бойынша шешім қабылданған соң аяқталды деп жарияланады.
Акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығына және шынайылығына жауап береді.
Акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығына және шынайылығына жауап береді.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%