Артқа
29.04.2015
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің назарына
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының өтуі туралы
Х А Б А Р Л А М А
«Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамы Басқармасы, Банктің Атқарушы органы ретінде өзінің орналасқан орнымен: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84. Банк Директорлар кеңесінің Төрағасы бастамасымен шақырылған Жылдық жалпы жиналысының өтуі туралы Банк Акционерлеріне хабарлайды.Х А Б А Р Л А М А
Банк Акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысы 2015 жылдың 29 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Банктің атқарушы органының орналасқан орны бойынша өтеді. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қатысушыларының тіркеуі жиналыс өту орынында жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден до 10:50-ге дейін жүргізіледі.
Акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін құру күні – 2015 жылдың 27 сәуірі. Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысына қатысу және онда дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін құрғаннан кейін, бұл тізімге кірген тұлға өзінің иелігіндегі қоғамның дауыс беру акцияларына иесіздендіру жүргізген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл орайда, акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттары болуы қажет.
Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары Банк Директорлар кеңесімен құрылған және келесі сұрақтардан тұрады:
1. 2014 жылға Банктің жылдық қаржы есептемесін және 2014 жылға аудиторлық ұйымның Есебін бекіту туралы.
2. 2014 қаржы жылына Банктің таза табысын үлестіру тәртібін анықтау туралы, қарапайым акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдау және Банктің бір қарапайым акциясы есебіне 2014 жылдың қорытындысы бойынша дивидент мөлшерін анықтау.
3. 2014 жылы акционерлердің қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекетеріне үндеуі және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
4. «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органдарының сыйақы мөлшері және құрамы жөнінде қоғамның акционерлерін хабарландыру туралы.
Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары бойынша материалдар 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84. мекенжайы бойынша 2015 жылдың 18 мамырынан бастап қолжетімді болады.
Жылдық жалпы жиналысқа қатысу үшін жеке басын растайтын құжат болуы қажет, ал акционер өкілдерінде оның акционерлердің жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беруін растайтын, нысаны және мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес сенімхат болуы қажет.
Кворум болмаған жағдайда акционерлердің Жылдық жалпы қайта жиналысы 2015 жылдың «30» мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де сол мекенжай бойынша өтеді. Акционерлердің Жылдық жалпы қайта жиналысы қатысушыларының тіркеуі жиналыс өту орнында жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден до 10:50-ге дейін жүргізіледі. Акционерлердің Жылдық жалпы қайта жиналысының күн тәртібіндегі сұрақ өзгеріссіз қалады.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%