Артқа
29.04.2014

«Bank RBK» АҚ акционерлерінің назарына

«Bank RBK» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының өтуі туралы
ХАБАРЛАМА
 
«Bank RBK» Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан былай – Банк) Басқармасы Банктің Атқарушы органы ретінде, орналасқан жері: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84; Банк акционерлеріне Банктің Директорлар кеңесінің бастамасымен акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының өтетіндігі туралы хабарлайды.
Банк акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысы 2014 жылғы 29 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 Банктің Атқарушы органы орналасқан жерде өтеді. Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 29 мамырда жиналыс өтетін жерде сағат 10:00 бастап сағат 10:50 дейін жүргізіледі.
Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі құрастырылатын күн: 2014 жылғы 28 сәуір.
Банктің Директорлар кеңесі акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін құрастырды және ол келесі мәселелерді қамтиды:
 
1.      Банктің 2013 жылға жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық ұйымның 2013 жылға есебін бекіту туралы.
2.      Банктің 2013 қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау, Банктің бір жай акциясына есептегенде 2013 жыл қорытындылары бойынша дивиденд мөлшерін бекіту. Банктің Резервтік капиталы туралы.
3.      Банк пен лауазымды тұлғаларының 2013 жылғы әрекеттеріне акционерлердің пікірлері туралы, оларды қарастыру нәтижелері.
4.      Банктің Директорлар кеңесі мен атқарушы органының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат беру туралы.
5.      Банктің жаңа редакциядағы Дивидендтік саясатын бекіту.
6.      Банктің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау туралы.
7.      Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, өкілеттіктер мерзімін анықтау туралы, сондай-ақ Банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен төлеу талаптарын анықтау.
 
Банк акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен 2014 жылғы 16 мамырдан бастап 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84 мекенжайы бойынша танысуға болады.
 
Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты не сенімхаты (акционерлер жиналысына өзі қатыса алмаған жағдайда) болуы керек.
Кворум болмаған жағдайда акционерлердің Жылдық жалпы жиналысы 2014 жылғы 30 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 сол мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Акционерлердің қайтадан өтетін Жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу сағат 10:00 бастап сағат 10:50 дейін жиналыс өтетін жерде жүргізіледі.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%