Артқа
13.12.2013
Көңіл айту
«Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Жауарова Ғалия Қажкенқызының мезгілсіз қайтыс болғандығын қайғырып хабарлайды.
Ғалия Қажкенқызы бар өмірін қазақстандық банк жүйесінің игілігі үшін қызмет атқаруға арнады. Жоғары кәсіби деңгейі, адалдығы, табандылығы үшін әріптестерінің ортасында беделді де сыйлы болды.
Ғалия Қажкенқызын білетіндердің есінде ол әрқашан адал адам, дана ұстаз, мейірімді жан болып қалатыны сөзсіз. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ.
«Bank RBK» АҚ Ғалия Қажкенқызының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Көңіл айтқысы келетін жандар болса, contactcentre@bankrbk.kz мекенжайы бойынша электронды форматта көңілдерін білдіре алады.
Көңіл айту хаттарының келіп түсуіне қарай «Bank RBK» АҚ сайтында жарияланып тұрады.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%