Артқа
24.07.2012

S&P Bank RBK рейтингтерін растады, болжам «Тұрақты»


2012 жылғы 23 шілдеде Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі «Bank RBK» АҚ-на тағайындалған контрагенттің «В-/С» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін растады. Рейтингтер өзгерістеріне болжам –  «Тұрақты».

Рейтингтердің расталуы S&P жаңа шоттарды ашуға және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға лицензияның тоқтатыла тұруы «Bank RBK» АҚ бизнес тәуекелдерінің бейініне және қаржылық тәуекелдердің бейініне елеулі жағымсыз ықпал етпейтіні жөніндегі пікірін білдіреді. Бұрын хабарланғандай, лицензия ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2012 жылғы 9 шілдедегі шешімімен 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Ағымдағы күнге «Bank RBK» АҚ өтімділіктің және капиталдандырудың барабар көрсеткіштерін көрсетіп, S&P талдаушылары банктің оларды таяу келешекте қажетті деңгейде ұстап тұру қабілеттілігін атап өтті.

Standard& Poor’s(S&P) Халықаралық рейтинг агенттігінің толық есебімен мына адрестегі агенттіктің сайтынан танысуға болады: https://www.standardandpoors.com/home/ru/ru

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%