Артқа
24.07.2014
БІРҚАТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИЗНЕСМЕНДЕР «BANK RBK»АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ
«Bank RBK»АҚ (бұдан былай– Банк) Банктің дауыс беруші акцияларының 43% бағалы қағаздардың екінші нарығында Қазақстанның бірқатар ірі бизнесмендері сатып алды деп хабарлайды.
Жекелеп алғанда, Динмухамет Идрисов Банктің дауыс беруші акцияларының 9,9%, Кайрат Шарипбаев – 9%, Ержан Достыбаев – 9,9%, Бахаридин Аблазимов – 9,9%, Уалихан Нурмухамедов – 4,3%иегеріне айналды.
«Біз ұзақ жылдар бойы «Bank RBK» АҚ дамуын бақылап, Банк басшылығының бірнеше жыл ішінде жеткен тамаша жетістіктеріне тәнті болдық. Бұл мәмілеге жетер жолымыз ұзақ болды, сәтті аяқталғанына қуаныштымыз. «Bank RBK» АҚ капиталына кіру туралы шешім қаржы институтының қызметіне терең талдау нәтижесінде қабылданды, талдау барысында осы капитал салымының жоғары инвестициялық тартымдылығы туралы қорытынды жасалды», – деп түсіндірді жаңа акционерлердің бірі Динмухамет Идрисов.
«Нарықта мықты басшы топ жұмыс істейтін Банктің болашағы зор екендігіне сенімдімін, сондықтан акциялар пакетін сатып алуды маңызды инвестиция ретінде қарастырамыз. Болашақта, Банктің өсуіне қарай оның капиталына инвестиция салуды жалғастырмақшымыз. Ұлттық банктің тиімді саясатының арқасында банктік нарық бұрынғысынша инвестиция салу үшін тартымды нарық болып қала береді деп санаймын», – деп атап өтті ол.
***
Динмухамет Идрисов – Қазақстанның ірі кәсіпкері, Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ауқатты 50 бизнесменнің құрамына кіреді;
Кайрат Шарипбаев – Қазақстанның ірі кәсіпкері;
Ержан Достыбаев – Қазақстанның ірі кәсіпкері, Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ауқатты 50 бизнесменнің құрамына кіреді;
Бахаридин Аблазимов – Қазақстанның ірі кәсіпкері, Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ауқатты 50 бизнесменнің құрамына кіреді;
Уалихан Нурмухамедов– Қазақстанның ірі кәсіпкері.
***
«Bank RBK» АҚ – теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, жоғары класты активтер мен пассивтер портфельдеріне, барабар провизиялар мөлшеріне ие, ұзақ уақыт бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard&Poor’s» халықаралық рейтинг агенттігі Банкке ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» контрагент рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді (болжам – «Тұрақты»).
2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банк активтері 323,8 млрд. теңге, несие портфелі241,4 млрд. теңге, клиенттердің қаражаты265,8 млрд. теңге, соның ішіндежеке тұлғалардың салымдары55,6 млрд. теңге құрады. Банктің 2014 жылғы қаңтар-маусымдағы табысы 1 264,6 млн. теңге құрады, бұл 2013 жылғы осы көрсеткіштен 2,4 есе көп.
Банктің Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында офистері бар.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%