Bank RBK елдің барлық өңірлеріндегі көптеген бөлімшелердің жұмысын іске қосты.
Құрметті клиенттер!
Bank RBK елдің барлық өңірлеріндегі көптеген бөлімшелердің жұмысын іске қосты. Өтінішке орай, болған оқиғаларға байланысты Банктің келесі бөлімшелері уақытша жұмыс істемейді:
•Алматы қ., Республика аалңы, 15;
•лматы қ., Төле би көш., 55;
•Алматы қ., Розыбакиев көш., 263 («Мега-2» сауда ойын-сауық орталығы (бұдан әрі - СОО);
•Алматы қ., 8-ші ы/а, 37/1 («MOSKVA metropolitan» СОО);
•Талдықорған қ., Абай көш., 254А.
Батыс облыстардағы Банк бөлімшелерінің жұмыс режимі жергілікті уақытпен сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.
Банктің қалған бөлімшелерінің жұмыс режимі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.00-ден 1,.00-ге дейін.
Банк клиенттеріне есептік-кассалық қызмет көрсету шеңберіндегі көптеген қызметтер қолжетімді, сондай-ақ банкоматтардың жұмысы реттелді. Сонымен қоса, Банк естеріңізге салады, интернет болмаған жағдайда жұмыс істейтін мобильді қосымшаны пайдалану қызмет көрсетудің ең қауіпсіз тәсілі болып табылады.
«SWIFT», «UPT», «Western Union», «Золотая корона» аударымдары қызметтері уақытша қолжетімсіз. Теңгедегі банкаралық аударымдар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қолжетімді.
Банк ТЖ кезеңінде мерзімі өткен берешектер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейтінін естеріңізге салады.
Толығырақ ұялы телефоннан 7888 нөмірі бойынша қоңырау соғып білуге болады.
Өздеріңізді және өз жақындарыңызды сақтаңыздар!