Артқа
14.09.2017

Жакубаева Марпу Bank RBK басқарма төрайымы болып тағайындалды

 
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі – Банк) Банк басқармасында бірнеше кадрлық өзгерістер орын алғанын хабарлайды. Банктің басқарушылық құрамындағы ауысымдар тамыз айының басында «Bank RBK» АҚ ірі қатысушысы мәртебесін алуға Ұлттық Банктің келісімін алған қазақстандық кәсіпкер Владимир Кимнің бастамасымен жүргізілді.
 
Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі шешімімен Банк басқарма төрайымы болып Жакубаева Марпу тағайындалды. Аталған тағайындалымға дейін Жакубаева ханым Банк басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен. Жакубаева ханымның бірінші басшы қызметіне тағайындалуы сабақтастықты сақтауға және клиенттермен және серіктестермен өзара әрекеттесудің барлық аспектілеріндегі Банктің бірыңғай ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.
 
Ертеректе Банк басқарма төрағасы лауазымында еңбек еткен Игорь Мажинов Директорлар кеңесіндегі жұмысына күш жігерін шоғырландырып, отандық банк секторындағы ойыншылардың нығаю және ірілену тренді байқалған жағдайдағы Банктің бәскелестікке қабілеттілігін күшейтумен байланысты стратегиялық сұрақтармен айналысады. Одан бөлек Игорь Мажинов Банктің стратегиялық серіктесі - Kazakhmys Holding-пен ынтымақтастығын нығайтуға жетекшілік етеді. Аталған жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігін ескере отырып, Мажинов мырза Банктің шұғыл қызметіне басшылық ету өкілеттігін  босатуды дұрыс деп санады.
 
Төраға ауысуынан бөлек, Банк басқармасында екі маңызды тағайындау өтті. Банк басқарма төрағасының орынбасары болып Нурхан Нурланов, басқарма төрағасының орынбасары болып - Kazakhmys Holding-те қауіпсіздік бойынша директор қызметін атқарған Данияр Смагулов тағайындалды. Сабақтастықты сақтай отырып, басқарушылық командасындағы жаңартылымдар өзгеріс үстіндегі экономикалық жағдаят аясында Банк алдына қойылған өр мақсаттарды шешу үшін жағдай жасауға бағытталған.
 
«Жакубаева Марпудың Bank RBK іргетасын қалауда және дамуында еңбегі зор. Банк акционерлері оның кәсіби және басқарушылық қасиеттерін, асқан тәжірибесін және ұжымда ұтымды пайдаланатын құрметін жоғары бағалайды. Команда қатарында мінсіз іскерлік беделі бар мұндай көшбасшы болғандықтан, Директорлар кеңесі басқарма төрағасы орнына үміткер таңдауда еш мүлтіккен жоқ. Жакубаева ханым жетекшілігімен Банк кез келген тапсырманы орындай алатынына сенімдімін», - деп «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Мажинов жаңа тағайындалымға түсініктеме берді.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%