Standard&Poor’s агенттігінің «Bank RBK» АҚ рейтингі бойынша болжамды жақсартуы туралы
«Standard&Poor’s» халықаралық рейтинг агенттігінің несие рейтингтер қызметі «Bank RBK» АҚ рейтингтері бойынша болжамын «Тұрақты»-дан «Оң» деп қайта қарастырды және контрагенттің несие рейтингтері бойынша – ұзақ мерзімді «В-» және қысқа мерзімді «С» деп растады.
Сонымен қатар агенттік ұлттық шкала бойынша Банктің рейтингін «kzBB-»-ден «kzBB» дейін көтерді.
Агенттік осы атқарылған рейтингтік әрекет «Bank RBK» АҚ Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі бәсекелік позициялары мен қызметін әртараптандыруын жақсартуын жалғастыруда деген пікірді көрсетеді деп мәлімдеді. S&P 2015 жылы «Bank RBK» АҚ активтерінің мөлшері бойынша Қазақстандағы ең ірі 10 банктің қатарына қосылады деп күтеді.
Рейтинг агенттігі «Bank RBK» АҚ активтерінің өсуін тұрақты деп бағалап, Банктің акционерлік құрамын күшейтуді назарға алды.
S&P ойынша, Банк капиталына бірнеше беделді қазақстандық бизнесменнің қатысуы «орташа қазақстандық банктердің ішіндегі «Bank RBK» АҚ орнын жақын жылдарға күшейтуге және бизнесін кеңейтуге көмектесе алады».
«Оң» деген болжам «Bank RBK» АҚ Қазақстанның банктік секторындағы нарық үлесінің артуындағы жетістіктерін және клиенттік базасының әртараптануын көрсетеді, Банк осы бағыттардағы қызметін жалғастырады деп күтеміз», – делінген агенттіктің түсініктемесінде.
«Рейтинг агенттіктері сарапшыларының соңғы уақытта Банктің қол жеткізген жетістіктеріне тиісті бағасын беруі бізді қуантады. Проблемалы портфельдің төмен мөлшерін сақтай отырып, бизнестің динамикалық өсуі, капиталдың келіп түсуін өсіру, акционерлік құрылымды күшейту – Bank RBK позициясының күшейгендігін растайтын оң факторлардың толық емес тізімі. 2015 жылы Банктің жаңа даму стратегиясын іске асыруға кірісе отырып, біз бәсекелік артықшылықтарымызды бұрынғыдан да күшейтуге және біздің Банктің тұрақтылығын, ұзақ мерзімді өсу сипатын көрсетуге ниеттіміз», – деп түсіндірді «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің кеңесшісі Жомарт Ертаев.
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, жоғары класты активтер мен пассивтер портфельдеріне, барабар провизиялар мөлшеріне ие, ұзақ уақыт бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді.
2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Банк активтері 382,6 млрд. теңге, несие портфелі– 289,3 млрд. теңге, клиенттердің қаражаты– 322 млрд. теңге, соның ішіндежеке тұлғалардың салымдары–67,8 млрд. теңге құрады. Банктің 2014 жылғы қаңтар-қазандағы табысы2,3 млрд. теңге құрады, бұл 2013 жылғы осы көрсеткіштен 82,8% көп.
Банктің Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында офистері бар.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ Баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz