Артқа
07.11.2017
Bank RBK қаржылық жағдайын жақсарту туралы
Осы арқылы «Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк), Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Қазақмыс» компанияларының Тобы арасында Банктің қаржылық жағдайын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар қатарын қарастыратын шекті келісімге қол қойылғанын хабарлаймыз.
Құжат ережелеріне сәйкес «Қазақмыс» компаниялар тобымен Банк капиталына 160 млрд теңге енгізу туралы шешім қабылданды. ҚР Ұлттық Банкі өз кезегінде жақын арада 240 млрд теңгеге жуық сомаға банк секторының орнықтылығын арттыру Бағдарламасына қатысуға Банк өтінімін қарастырады.
Банкті қалпына келтіру мақсатында Банктің проблемді қарыздарын оларды қайтарумен айналысатын арнайы құрылған компанияға 600 млрд теңгеге жуық жалпы сомаға жіберу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, тараптар мемлекеттік сыңайлы құрылымдар депозиттерін Банктің қайтаруы проблемді қарыздарды қайтару шамасы бойынша жүзеге асырылатынына келісті. Өтімділіктің түсу шамасы бойынша Банк әлеуметтік маңызы бар төлемдер бойынша міндеттерін орындауды бастайды.
Осы және өзге кешенді іс-шараларды жүзеге асыру Банкті толық қалпына келтіруге, өтімділікті тұрақтандыруға және және қаржылық қызметтер нарығында Банктің орнықты және сенімді серіктес болуына мүмкіндік береді.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%