Артқа
07.11.2017

Bank RBK қаржылық орнықтылықты арттыру Бағдарламасына қатысуы туралы; Директорлар Кеңесінің Төрағасын сайлау туралы

«Bank RBK»АҚ(бұдан әрі– Банк) 2017 жылдың 7 қарашасында Алматыда өткен кезектен тыс жалпы жиналыс барысында, Банк акционерлері Bank RBKҚР Ұлттық Банкімен жүзеге асырылатын банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру Бағдарламасына қатысуы үшін дауыс бергенін хабарлайды.
 
Одан бөлек, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен директорлар Кеңесінің мүшесі – Банктің тәуелсіз директоры болып Торстен Пол сайланды. Одан кейін Банктің директорлар Кеңесінің шешімімен Торсен Пол «Bank RBK» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.
 
Пол мырзаны тағайындау «Bank RBK» АҚ, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк пен «Қазақмыс» компаниялар тобы арасында қол қойылған шекті келісім шегінде жүргізілді.
 
Халықаралық банктерде 20 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие Пол мырза Банк жұмысына қаржылық институтты жаңғырту мен қалпына келтіру және алда Қазақстанның ең орнықты, тұрақты және сенімді банктерінің біріне айналуы мақсатында қажетті құзіреттілікті Банк жұмысына енгізеді. Топ-менеджмент командасын күшейту Банкке одан әрі даму артықшылықтарын анықтауға және дәйекті түрде акционерлермен қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%