Артқа
12.10.2017

Bank RBK және Qazaq Banki бірігуден бас тартуы туралы

 
«Bank RBK» АҚ кеңес жүргізу және Qazaq Banki-мен болжалды бірігу моделіне сараптама жасағаннан кейін банктер бірігу туралы мәміле жасаудан бас тартқаны жөнінде хабарлайды.
 
Қазіргі уақытта әр банктің жекелей қаржы институт ретінде дамуы банктер үшін орынды болып табылады, әрі бұл шешімнің келешегі бар.
 
2017 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 970,7 млрд теңгені, несиелік портфель – 717,8 млрд теңгені, клиент қаражаты – 570,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 194,5 млрд теңге. Есепті күнге банктің өзіндік капиталы 97,6 млрд теңгені, жарғылық капиталы - 64,4 млрд теңгені құрады. Банктің 2017 жылғы 9 айдағы табысы 3,1 млрд. теңгені құрады.
 
 Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
 БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%