Артқа
04.11.2014
«Bank RBK» АҚ акционерлері мен басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы
I.«Bank RBK» АҚ «Фонд-Инвест» мүлікті басқару дирекциясы» ЖШС Банктің ірі қатысушысы – дауыс беретін жай акциялардың 18%иесіне айналды деп хабарлайды. Аталған акциялар пакетін сатып алу-сату мәмілесі бағалы қағаздардың екінші нарығында жасалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2014ж. №17 1қаулысымен «Фонд-Инвест» мүлікті басқару дирекциясы» ЖШС Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берілді.
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің құрамында екінші ірі қатысушының пайда болуы қаржы институтының бұдан былай дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Қазіргі уақытта Банк иелерінің құрылымында Фарид Люхудзяев (дауыс беруші акциялардың 11% Банктің ірі қатысушысы), Динмухамет Идрисов (9,9%), Кайрат Шарипбаев (9%)сияқты көрнекі отандық кәсіпкерлер бар.
II.Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Мажинов «Bank RBK» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл шешім «Bank RBK»АҚ Директорлар кеңесінің отырысында 2014 жылғы 4 қарашада қабылданды. Банк Басқармасын басқарған Марпу Жакубаева Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Игорь Мажиновтың Басқарма төрағасы ретіндегі басты міндеті Банктің 2015-2017 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын іске асыру болады.
«Бұл өзгерістер Bank RBK қаржы және басқару ресурстарын жұмылдыруды талап ететін бизнесті дамытудың жаңа кезеңіне өтуіне байланысты болып отыр. Соңғы бірнеше ай бойы Банкте жоғары әлеуетке ие және RBK бұдан әрі сапалы өсуіне итермелеуші күш деп танылған акционерлердің қуатты ядросын қалыптастыру үрдісі жүргізілді. Соңғы жасалған мәмілені есепке алсақ, іздеген ядромыз сәтті құрылды деп айтуға болады», – деп түсіндірді «Bank RBK»АҚ Директорлар кеңесінің кеңесшісі ЖомартЕртаев.
Оның сөзімен айтқанда, соңғы төрт жылда Bank RBKқомақты нәтижелерге қол жеткізді, еліміздің банк нарығында өз орнын күшейтіп, болашақта өсуі үшін қор жинап қойды.«Мұнда Банкті басқарған Марпу Жакубаеваның да сіңірген еңбегі зор, ол Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінде жұмысын жалғастырады. Bank RBK басшылығындағы сабақтастықты сақтай отырып, басқару тобын жаңарту және күшейту Банктің алдына бұрынғыдан да амбициялық міндеттер қоятын 2015-2017 жылдарға арналған қаржы институтын дамытудың жаңа стратегиясын іске асыру қажеттілігіне байланысты туындап отыр», –деп қосты Ж.Ертаев.
***
Мажинов Игорь Шарипканович
1972 жылы 24 ақпанда туылған.
1993 жылы Қорған жоғарғы әскери-саяси авиация училищесін бітірген.
2001 жылы Т.Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.Ресей Ғылымдар Академиясында (Мәскеу қ.) экономикалық ғылымдар кандидаты диссертациясын қорғаған.
Түрлі жылдарда «Vertex»ААҚ, «Альянс Банкі» АҚ, «Достық» қонақ үйі» АҚ, «Корпорация ХОЗУ» ЖШС басшы қызметтерін атқарды, «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Белсенді әрі жемісті қайырымдылық қызметі үшін тапсырылатын «Шапағат» медалімен, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерей тойлық медалімен марапатталған.
«Қайрат» шағын футбол клубының қамқорлық кеңесінің басшысы, «Мегаспорт» футбол клубын (бұрынғы атауы – «Астана» ФК) ұйымдастырушылардың бірі.
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, жоғары класты активтер мен пассивтер портфельдеріне, барабар провизиялар мөлшеріне ие, ұзақ уақыт бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard&Poor’s» халықаралық рейтинг агенттігі Банкке ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» контрагент рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді (болжам – «Тұрақты»).
2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банк активтері 365,4 млрд.теңге, несие портфелі– 278,8 млрд.теңге, клиенттердің қаражаты– 306,6 млрд.теңге, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары– 64,1 млрд.теңге құрады. Банктің 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі табысы1,9 млрд.теңге құрады, бұл 2013 жылғы осы көрсеткіштен 82% көп.
Банктің Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында офистері бар.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ Баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%