Артқа
26.04.2018

Сауықтыру процесінің аяқталуы және өсу сатысына көшу туралы

«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі – Банк) қаржылық институтты сауықтыру бойынша іс-шаралар кешенінің сәтті аяталуы және Банктің өсу сатысына көшуі туралы хабарлайды. Банк іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру нәтижесінде қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейіне жетті. Капиталдандырудың және өтімділіктің ағымдағы көрсеткіштері бойынша Bank RBK Қазақстанның ең сенімді банктерінің бірі болып табылады.
Bank RBK, ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген барлық пруденциялық нормативтерді үлкен артығымен орындайды. Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша:
 
  • К1 бірінші деңгейлі капитал жеткіліктігінің коэффициенті = 28,7% (7,5% тең, реттеуші нормативтен 3,8 есе артық);
  • К2 екінші деңгей капитал жеткіліктігінің коэффициенті = 88,5% (10% тең, реттеуші нормативтен 8,9 есе артық);
  • К4 ағымдағы өтімділік коэффициенті = 1998,4% (30% тең, реттеуші нормативтен 66,6 есе артық).
 
Bank RBK отандық банк нарығында еркін өтімділіктің ең үлкен мөлшерлеріне ие - 232 млр теңгеден жоғары. Мұндай жоғары өтімді позиция акционер тарапынан капиталға 160 млрд теңге құю және Ұлттық Банктің 243,7 млрд теңге мөлшерінде қолдау көрсетуі нәтижесінде туындады.
 
2018 жылдың наурыз айында S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингін «B-/B» деңгейіне дейін, ұлттық шкала бойынша рейтингін - «kzBB-» деңгейіне дейін (болжам –«Тұрақты») көтергені Банк тұрақты қаржылық тұрақтылығының айғағы болып табылады. Бұған қоса Bank RBK жағдайы секілді, рейтингтің мұндай қарқынды жоғарылауы рейтингтік агенттіктер тәжірибесінде өте сирек кездеседі.
 
Банктің акционері кәсіби банктік ортада жоғары беделге ие, тәжірбиелі және табысты топ-менеджерлердің жаңа командасын жұмылдырды. Жаңа басшылық алдына клиенттердің барлық талабына жауап беретін, заманауи жоғары тиімді қаржылық институтын құру тапсырмасы қойылды. Бұл ретте Банк ірі компаниялардың жалақы жобалары аясында бөлшек клиенттерді белсенді тартуға кірісті.
 
Bank RBK барлық өз міндеттері бойынша уақытылы жауап береді. Банк клиенттеріне барлық операциялар, оның ішінде олардың талабы бойынша депозиттерден кез келген мөлшерде қаражат алу қолжетімді.
 
Жаңа акционердің келуі және топ-менеджменттің ауысуы кезеңінде Банк несиелеу нарығында белсенділігін уақытша төмендетті. Сауықтыру процесінің сәтті аяқталуын ескере отырып, мамырдың басынан Банк клиенттерді белсенді қаржыландыруға кірісуге дайын, олардың қаржылық және өзге бизнес-параметрлері Банктің несиелік саясатына сай келуі шарт.
 
«Банктің несиелік саясаты ақылға қонымды және салмақты. Біздің ең маңызды басым мақсатымыз - қызметтің саны емес, сапалық өсімі. Клиенттерге қызмет көрсетуге келер болсақ, Bank RBK бренді сапалы сервиспен және клиентке бағдар алудың жоғары деңгейімен сипатталуы үшін бар күшімізді саламыз», – деді «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Торстен Пол.
 
***
 
2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 516,4 млрд теңгені, клиенттер қаражаты – 178,9 млрд теңгені, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 103,5 млрд теңгені құрады. Есепті күнгі Банктің меншікті капиталы 110,1 млрд теңгені құрады.
 
Банктің ірі акционері (99%-дан аса дауыс беруші акциялар) «КСС Финанс» ЖШС құрылымы болып табылады, ол «Қазақмыс Холдинг» ЖШС президенті Владимир Кимге толықтай тиесілі.
 
Банк Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
 
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz

akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%