Артқа
05.03.2012

Bank RBK» АҚ-ның Visa International мүшелігіне Қауымдасқан қатысушы ретінде кіруі туралы

 
2012 жылғы 27 ақпанда Visa APCEMEA Операциялық Комитеті«Bank RBK» АҚ-ның Visa International мүшелігіне Қауымдасқан қатысушы ретінде кіруі туралы оң шешім қабылдады. Visa International-дыңҚауымдасқан қатысушысы мәртебесі«Bank RBK»АҚ өз клиенттерін өзіндік дизайндағы халықаралық төлем карталарымен және олардың негізінде ұсынылатын қызметтердің кең ауқымымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Visa International төлем жүйесінің алғашқы карталарын шығаруға «Bank RBK» АҚ 2012 жылдың тамызында кірісуді жоспарлап отыр. VISA International-мен ынтымақтастық«Bank RBK» АҚ-ның банк қызметтерін көрсетудің сапалы жаңа деңгейіне шығуына және Қазақстан нарқындағы өз тұрғысын нығайтуына мүмкіндік береді.

Visa International ережелеріне сәйкестөлем жүйесінің Қауымдасқан қатысушысы төлем карталарының эмиссиясын жүргізеді және өзініңбанкоматтар мен POS-терминалдар желісі арқылы қолма-қол ақшаны беру операциялары бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Төлем жүйесімен және оның мүшелерімен барлық есеп айырысулар Visa International негізгі қатысушысы арқылы жүргізіледі, олҚауымдасқан қатысушыға қатысты демеуші банк қызметтерін орындайды. Бұл жағдайда демеуші банк«Қазақстан Халық банкі»АҚ болды.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%