Артқа
18.04.2018

Bank RBK басқарма төрайымының орынбасарын тағайындау туралы


 
 «Bank RBK» АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2018 жылдың 16 сәуірінен бастап Банк басқарма төрайымыныңорынбасары болып Есмуканова Алия тағайындалғанын хабарлайды.
Бұл лауазымда Есмуканова ханым қаржылық блоктың және қазынашылық жұмысын жетілдіреді, операциялық бизнес тиімділігін жоғарылатады және сауда арналарын ұлғайтатын болады. Одан бөлек, ол аталған салада келешегі зор шешімдерді енгізу және іздеу процестерін басқара отырып, заманауи қаржылық институттар үшін ақпараттық технологиялар секілді өзекті бағытқа жетекшілік ететін болады.
 
Банктің топ-менеджментінің құрамын күшейту барлық клиент санатының талабына жауап беретін, жоғары тиімді қаржылық институт құруға бағытталған стратегияның бөлігі болып табылады.
 
«Алия Каримовнаның қаржы секторындағы 20-жылдан астам қызметінің арқасында иеленген тәжірибе ауқымы, білімі және жетекшілік қасиеттерінің айқын айғағы оның қызмет тізімі болып табылады. Осындай жоғары деңгейлі кәсіпқой маманның Bank RBK-ға келуі банктің басқарушы командасын күшейтеді және топ-менеджменттің алдына акционермен қойылған мақсаттарға және тапсырмаларға тиімді түрде жетуіне септігін тигізетін болады», – деп «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Торстен Пол тағайындалуға пікірін білдірді.
 
***
 
Алия Каримовна Есмуканова
 
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тамамдады, банк ісі және қаржы саласындағы магистр дәрежесінің иесі.
 
Банк саласындағы жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады, соның ішінде Есмуканова Алия барлық мансап баспалдақтарынан – қазынашылық маманынан топ-менеджерге дейін өткен.«ABN AMRO Bank Kazakhstan» АҚ,«Ситибанк Казахстан» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ сияқты ірі халықаралық және отандық қаржылық институттарда қызмет етті.
 
2014 жылдың қарашасынан ағымдағы тағайындалуына дейін «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болған.
 
***
2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 516,4 млрд теңгені, клиенттер қаражаты – 178,9 млрд теңгені, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 103,5млрд теңгені құрады. Есепті күнгі Банктің меншікті капиталы 110,1 млрдтеңгені құрады.
 
Банктің ірі акционері «КСС Финанс» ЖШС құрылымы болып табылады, ол «Қазақмыс Холдинг» ЖШС президенті Владимир Кимге толықтай тиесілі (дауыс беруші акциялардың 99% астам).
 
Банк Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%