Артқа
22.11.2017

Bank RBK 60 млрд теңге сомасына капиталдандыру туралы; Ұлттық Банк бағдараламасы бойынша 120 млрд теңге мөлшерінде бірінші транш алу туралы

«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) Банктің жарғылық капиталының 60 млрд теңгеге ұлғайғаны туралы хабарлайды. Капиталдандыру Банктің 600 млн дана мөлшеріндегі қарапайым акцияларын қосымша эмиссиялау жолымен жүргізілді.
 
Осы акциялар пакетінің сатып алушысы ретінде «КСС Финанс» ЖШС («Қазақмыс Холдинг» ЖШС президенті Владимир Кимге тиесілі құрылым) шықты. Мәміле нәтижесінде «КСС Финанс» Банктің дауыс беруші акцияларының 99,01% меншіктенушісі болды.
 
Инвестордың жарғылық капиталды толтыруы «Bank RBK» АҚ, ҚР Ұлттық Банкі мен «Қазақмыс» компаниялар Тобы арасында жасалған шекті келісімге сәйкес жүргізілді.
 
Одан бөлек, Bank RBK банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын нығайту Бағдарламасы шеңберінде ҚР Ұлттық Банкінен 120 млрд теңге мөлшерінде бірінші траншты алғаны туралы хабарлайды.
 
«2018 жылдың 19 қаңтарына дейін жаңа акционер шекті келісім талаптарымен қарастырылғандай Банк капиталына тағы 100 млрд теңге қосып, капиталдандырудың жалпы сомасын 160 млрд теңгеге дейін жеткізеді. Жүргізілген капиталдандыру мен Ұлттық Банктен бірінші транштың келуін ескере отырып, Банктің өтімділікке қатысты жағдайы қазіргі уақытта толықтай тұрақтандырылды», - деп хабарлады «Bank RBK»  АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Торстен Пол.
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%