Артқа
23.07.2013

Bank RBK жаңа заңды мекенжайы

 
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі – Банк) Банктің заңды мекенжайының өзгергендігі туралы хабарлайды. «Bank RBK» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 30.05.2013 ж. шешімімен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде 2013 жылдың 12 шілдесінде мемлекеттік тіркеуден өткен Банк Жарғысының жаңа редакциясына сәйкес Банктің орналасқан жері келесі заңды мекенжайға өзгертілді: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84.
Банктің заңды мекенжайын өзгерту қаржы институты жұмысының тиімділігін арттырады, басқарушылық шешімдерді қабылдау жылдамдығын ұлғайтады, бұл өз кезегінде клиенттерге қызмет көрсету деңгейін көтеруге және олардың Банктің өнімдері мен қызметтеріне қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Сіздің Bank RBK

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%