Артқа
04.10.2012
«Стартап форум КАЗКА – 2012» бизнесті дамытудың жаңа бағдарын ұсынды
2012 жылғы 4 қазанда«КАЗКА»Қазақстан Кәсіпкерлер Қауымдастығы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП қолдауымен және «Bank RBK» АҚ демеушілік қатысуымен ұйымдастырған «Стартап форум КАЗКА – 2012» II Шағын және ортабизнес форумы болып өтті.
Бұл шарашағын және орта бизнес кәсіпорындары үшіні ірі оқиға болып табылады.
«Форумның және біздің оған қатысуымыздың мақсатықаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттың ең көп көлемін беруде бизнесшілерге қолдау көрсету, сондай-ақ пікір, білім алмасу және өз бизнестерін жарнамалау үшін біртұтас алаңды беру болып табылады. Форумда кәсіпкерлер мемлекеттік және қаржылық ұйымдармен өз қатынастарын қалай құруы керектігін, неге назар аудару қажеттігін, өз құқықтары мен мүдделерін қалай қорғау керектігін, қателіктер мен шығындарды қалай болдырмау керектігін білетін болады. Біз қарқынды дамушы банк ретінде жас және амбициялы кәсіпкерлерге қолдау көрсеткіміз, олармен тәжірибемізбен және білімдерімізбен бөліскіміз, қаржылық мәселелерде ақыл-кеңестер бергіміз келеді және әрине, оларды біздің банктің өркендеуші клиенттері ретінде көргіміз келеді», - деп ой бөлісті «Bank RBK» АҚ ШОБ Департаментінің Директоры Регина Огатаева.
«Форумның жұмысы матрица принципі бойынша: қарапайымнан күрделіге қарай, өзіндік бизнесті ұйымдастыру туралы идея туған кезден оны толықтай дамыту процесіне дейін құрылған. Өз кезегінде, форумға қатысушы, өз істерінің бүгінгі күні қандай деңгейде тұрғанын өзі анықтап, ұсынылған төрт сессиялардың бірін таңдайды және өзіне нақты бүгін қажетті ақпараттың толық көлемін алады. Өйткені өзінің ісін ұйымдастыруды енді ғана шешкен адамның ақпаратқа мұқтаждығы нарықта жұмыс істеп жатқан бизнесшіге қажетті деректерден өте қатты ерекшеленеді» - деп қосты«КАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлер Қауымдастығы Басқарма Кеңесінің Төрағасы Жұмабек Жанықұлов.
«СТАРТАП ФОРУМ КАЗКА - 2012» ШОБ форумы өзіндік бизнесті ашу және дамыту үшін қажетті ақпараттардың, білімдердің және байланыстардың бүкіл ауқымын беруге бағышталған.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%