Артқа
25.02.2013

«Эксперт РА Казахстан» агенттігі тағайындаған жаңа рейтингтер


«Эксперт РА Казахстан» рейтинг агеттігі «Bank RBK» АҚ-на несие төлеу қабілеттілігі бойынша А деңгейінде рейтингті тағайындап, (несие төлеу қабілеттілігі жоғары деңгейде) болжанып тұрған облигациялар шығарылымы бойынша сенімділік рейтингтері бойынша А дәрежесін тағайындады (жоғары сенімділік деңгейі).
Капитал жеткіліктілігінің жоғары көрсеткіштері (01.02.2013 ж. k1-1=16.6%, k1-2=17.1%. k2=17.4%), несиелік портфелінің мерзімі өткен берешек бойынша деңгейінің төмен болуы, (01.02.2013ж. 3.3%) жақын және орта мерзімді келешекте ағымдағы міндеттемелер бойынша жауап беру мүмкіндігін беретін банк төлемпаздығы (01.02.2013 ж. k4-1=815%, k4-2=424%, k4-3=241%) рейтинг деңгейіне жағымды ықпалын тигізді. Жағымды факторлардың қатарына құнды қағаздар портфелінің жоғары сапасы да кіреді.
«Эксперт РА Казахстан» агенттігінің айтуынша рейтингкешектеу қоятын факторларға банктің аймақтардағы әлсіз географиялық қатысуы мен жекеменшік құрылымның деконцентрациясы жатады. 
Қорландыру базасының әлсіз әртараптандырылуы, негізгі қаржылық көрсеткіштердің тезарада өсуімен байланысты тәуекелдің бар болуы, банктің әлсіз бәсекелестік ұстанымы мен актив пен капиталдың пайдалылығының төмен болуы (2012 ж. қорытындысы бойынша ROA =0,6%; ROE =3,8%) рейтингке жағымсыз ықпалын тигізді.
2012 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ ҚР 38 банкі арасынан активтер мөлшері бойынша (88 787 млн. теңге) 20 орынды, ал өзіндік капиталы бойынша (15 388 млн. теңге) 22 орынды иеленді. 2012 жылдың кірісі 405 млн. теңгені құрады.
«Bank RBK» АҚ Басқарушы директоры Ирина Степанова «Эксперт РА Казахстан» агенттігінің шешімін былайша түсіндірді: «Несие төлеу қабілеттілігі мен болжанып тұрған облигациялар шығарылымы бойынша сенімділік рейтингтерінің тағайындалуымен біз толықтай келісеміз. Атап айтатыным, Ақтөбе мен Өскемен қалаларының арқасында осы жылы «Bank RBK» АҚ өзінің аймақтардағы географиялық қатысуын күшейтеді. Ресурс базасының әртараптандырылуы, сонымен қатар, облигациялар шығарылуының арқасында жалғасады. Өткен кезеңдегі ақпараттық технологиялар, бөлімше тармақтары мен инфраструктураға едәуір қаражат салу нәтижесінде, 2013 жылы банк бәсеңдетілген инвестициялық белсенділікке көшті. Осы жылдың қорытындысы бойынша ROE көрсеткіші 10% дейін жеткізіледі, ал орта мерзімді келешекте бұл санның 15% дейін өсуін көздейміз».
***
«Bank RBK» АҚ – бұл дамудың теңдестірілген көрсеткіштеріне иелік ететін қазақстандық қаржы институты. Bank RBK жеткілікті капиталға, активтер мен пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың барабар мөлшерлеріне иелік етіп, тұрақты пайдалылығын көрсетіп келеді. Bank RBK Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің контрагенттің «В-/С» (2012 ж. желтоқсан) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтеріне және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» (болжам «Тұрақты») рейтингіне иелік етеді.
 
Анықтамалар үшін:

«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, қосымша:1518

abdugali_a@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
 
 
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%