Артқа
24.01.2014
«Елорда Даму» ЖШС ынтымақтастық шеңберінде «Қажет несие – ипотека» өнімі бойынша несиелендіру
Құрметті клиенттер!
«Bank RBK» АҚ 2014 жылғы 27 қаңтардан бастап Банк пен «Елорда Даму»ЖШС ортақ жобасы бастау алады деп хабарлайды. Осы жоба шеңберінде Банк клиенттеріне «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша жылжымайтын мүлік сатып алуға несие алу мүмкіндігі беріледі.
«Елорда Даму» ЖШС міндеті бюджет инвестицияларының есебінен қаржыландыру, құрылысты бақылау және жүйелендіру мәселелерін жылдам шешу болып табылады. Күні бүгінге дейін бұл компания Астана қаласында 30-дан астам тұрғын үй кешенін салып бітіп, пайдалануға берді.
Осы жерден не 7 (727) 330-90-30 нөмірі арқылы Банктің Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы «Қажет несие – ипотека» өнімі бойынша жеке тұлғаларға несие беру шарттарымен толық танысуға болады.
Bank RBK
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%