Артқа
01.08.2017
Танымал бизнесмен Владимир Ким Bank RBK ірі қатысушысы мәртебесін алуға ҚР Ұлттық банкінің келісімін алды
«Bank RBK» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Bank RBK» АҚ-ның ірі қатысушысы мәртебесін алуға танымал кәсіпкер Владимир Кимге келісімін бергенін хабарлайды.
Владимир Сергеевич Ким ең табысты және тиімді отандық бизнесмендердің бірі болып табылады. Ағымдағы жылы Forbes Kazakhstan журналы жыл сайын құратын Қазақстанның ең бай 50 қалталыларының рейтінгінде көш бастады. Басылым оның қаражатын $2,5 млрд. бағалады.
Владимир Ким KAZ Minerals PLC тау-кен қазу компаниясының президенті және ірі акционері болып табылады. Оның қол астында компания 2016 жылы Қазақстан үшін бірегей «Бозшакөл» және «Ақтогай» жобаларының құрылысын аяқтаған болатын. Жаңа кен орындарының іске қосылуының және тауарлық мыс өндірісін арттыру арқасында KAZ Minerals PLC акцияларының құны бірнеше есеге артты, 2017 жылдың сәуір айындағы компанияның капитализациясы $2,7 млрд. құрады. Forbes Kazakhstan мәліметтері бойынша соңғы жылда Владимир Ким өз қаражатын $800 млн. ұлғайтты.
«Bank RBK акционерлер құрамына жаңа ірі қатысушының келуін құптайды, ол өз кезегінде кез келген бизнесті айтарлықтай тиімді ететін адамдардың, идеялардың және технологиялардың ымырасы арқасында банк қызметіне айрықша қабілетін алып келетіні сөзсіз», - деп атап өтті «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасы Игорь Мажинов.
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылығын көрсетуде.
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілік Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/В» несие рейтингтерін және ұлттық шкала бойынша «kzB+» рейтингін берді.
2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Банк активтері 997,9 млрд теңгені, несиелік портфель – 737,3 млрд теңгені, клиент қаражаты – 573,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 184 млрд теңге. Есепті күнге банктің өзіндік капиталы 96 млрд теңгені, жарғылық капиталы - 64,4 млрд теңгені құрады. Банктің 2017 жылғы 6 айдағы табысы 2 млрд. теңгеден асты.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
Ертеректе айтылып өткендей, қазіргі таңда «Bank RBK» АҚ «Qazaq Banki» АҚ-мен бірігу барысында. Біріккен қаржы институты Bank RBK брендімен жұмыс істейтін болады.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%