Артқа
30.09.2021

«Bank RBK» АҚ акционерлеріне «Bank RBK» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

«Bank RBK» АҚ акционерлеріне «Bank RBK» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

 ХАБАРЛАМА

Банк «Bank RBK» акционерлік қоғамының Басқармасы (бұдан әрі - Банк) Банктің атқарушы органы ретінде өзінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы көшесі, 15, Банк акционерлеріне Банктің Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес шақырылған акционерлердің кезектен тыс күндізгі жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Банк Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс):              2021 жылғы 29 қазанда, Нұр-сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы көшесі, 15 мекенжайы бойынша өтеді.

Жиналыстың күн тәртібі:

1.«Bank RBK» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы Жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

  2.  «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2021 жылғы 29 қыркүйекте  «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-да жасалды.

Егер Жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Банктің атқарушы органының орналасқан жері бойынша 2021 жылғы 19 қазаннан бастап танысуға қолжетімді болады.

Анықтама телефоны: (727) 330 90 30 ішкі 1042, факс (727) 292-01-44.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37, 39-52-баптарына және акционерлердің жалпы Жиналысын өткізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің өзге де нормаларына сәйкес өткізіледі.

Жиналыс ашылғанға дейін 2021 жылғы 29 қазанда сағат 10:00-ден 10:50-ге дейін Жиналыс өткізілетін жерде келген акционерлерді тіркеу жүргізіледі.               Акционердің/акционердің өкілінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты және акционер өкілінің Жиналысқа қатысуға және дауыс беруге өкілеттігін растайтын сенімхаты (акционердің мүдделерін жиналыста берген жағдайда) болуы қажет. Тіркеуден өтпеген Акционер (акционердің өкілі) кворумды айқындау кезінде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Кворум болмаған жағдайда Жиналыс қайта 2021 жылғы 30 қазанда сағат 11:00-де осы мекенжай бойынша Нұр-сұлтан қаласында өткізіледі. Жиналыс қайта ашылғанға дейін қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 30 қазанда Жиналыс өткізілетін жерде сағат 10:00-ден 10:50-ге дейін жүргізіледі.

Акционерлердің жалпы Жиналысы кворум болған кезде жарияланған уақытта ашылады.

Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және Жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайды қоспағанда, акционерлердің жалпы Жиналысы хабарланған уақыттан бұрын ашылмауы тиіс.

Жиналыс Жиналыстың төрағасы (төрағасы) мен хатшысын сайлайды және дауыс беру нысанын анықтайды. Акционерлердің жалпы Жиналысының төрағасын (төралқасы) және хатшысын сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде әрбір акционердің бір дауысы болады, ал шешім қатысушылар санының жай көпшілік даусымен қабылданады.

Жиналысқа қатысқан барлық акционерлер Банктің атқарушы органына кіретін жағдайларды қоспағанда, Банктің атқарушы органының мүшелері акционерлердің жалпы Жиналысында төрағалық ете алмайды.

Акционерлердің жалпы Жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы Жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, кедергі жасауға құқығы жоқ.

Акционерлердің жалпы Жиналысы өз жұмысындағы үзіліс туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы Жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді қарауды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жалпы Жиналысы күн тәртібінің барлық мәселелері қаралғаннан және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялануы мүмкін.

Акционерлердің жалпы Жиналысының хатшысы акционерлердің жалпы Жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жауап береді.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%