Артқа
29.04.2014

ЕКІ ЖАС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘСКЕУГЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНЕ АТТАНАДЫ

Ресей астанасында 2014 жылғы 23 мамырдан 1 маусымға дейін өтетін «Мәскеу достарын қарсы алады» ХІ Халықаралық фестиваліне қатысу үшін қазақстандық жас дарындарды таңдау қорытындылары шығарылды. Басшылығымен фестиваль өткізілетін Владимир Спиваковтың Халықаралық қайырымдылық қоры өкілдерінің танытуындағы беделді әділқазылар алқасы өтініштерді қарап шығып, үміткерлерді тыңдады. Бірнеше таңдау турлары өтіп, нәтижелері бойынша Павлодардан 15 жастағы Омар Қуанышев пен Алматыдан 6 жасар Софи Манасян фестивальде Қазақстанды таныту құқығына ие болды.
 
Скрипкашы Омар Қуанышев – Бәйсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектебінің ең үздік оқушыларының бірі. Жас музыкант көптеген беделді халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты болды. 2012 жылы Париж консерваториясының қабырғасында дәстүрлі өтетін «Флам» XXIII Халықаралық байқауында Гран-при  жеңіп алған. «Бұл бала баршаны байқауға қатысушылардың барлығының бойындағы бар техникасымен ғана таң қалдырып қойған жоқ. Омардың ұшталған техникасымен, бай дыбысымен қатар кемеліне келген, ересек ішкі дүниесі бар. Бұл бала үшін сахнада ешкім  жоқ, музыкамен бетпе-бет қалады. Барлық орындаушылар осы күйге түсуді армандайды, бірақ бұл екінің бірінің қолынан келмейді», – деп жазады БАҚ Омардың Париждегі өнер көрсетуі туралы.
 
Биші Софи Манасян – АҚШ, Италияда, Ресейде, Қазақстанда өткен халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты және бірінші жүлде иегері, Киевте өткен Евровидение-2013 балалар фестивалінің арнайы қонағы. Хореографиямен, вокалмен, акробатикамен кәсіби айналысады, сахнада өнер көрсеткенді жақсы көреді, көрермендер сүйіспеншілігіне ие бола алады. «Мәскеу достарын қарсы алады» фестивалінде дарынды қыз қазақ халық билерінен құралған бағдарламасын ұсынбақшы.
 
Қазақстандық қатысушылардың фестивальге баруымен байланысты ұйымдастыру шығындарын Bank RBK өзіне алады.
 
«Владимир Спиваковтың қайырымдылық қоры өте маңызды іс жасауда: дарынды балаларды тауып, оларға өз әлеуетін ашуға көмектеседі. Мәскеу фестивалі сияқты осындай ауқымды форумда өнер көрсету қатысушы үшін тағдыршешті болуы мүмкін. Біздің банк әрқашан дарынды балаларға көмек көрсетуге әзір, бірақ біздің мына не басқа баланың бойындағы дарынды объективті бағалауға құзыретіміз жоқ. Осындай бағаны танылған сарапшылар бергенде біз бұл іске қуана кірісіп, фестивальге қатысу құқығына ие балалардың сәтті өнер көрсетуі үшін өз үлесімізді қосамыз», – деп атап өтті «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры Нұргүл Ертаева, бұл орайда «Classic» радиосының директоры Раушан Джуманиязоваға және осы радиостанциясының PR-менеджері Айгүл Сағандыковаға дарынды балаларды таңдауды ұйымдастыруға көмектескені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
 
***
Владимир Спиваковтың Халықаралық Қайырымдылық Қоры – скрипкашы және дирижер Владимир Спиваковтың бастамасымен 1994 жылғы мамырда негізі қаланған коммерциялық емес ұйым. Қор қызметінің бағыттары мен нысандары – музыка және бейнелеу өнері саласындағы балаларға дарынын дамытуға, Ресейде және шетелде шығармашылық процесін ұйымдастыруға көмек көрсету. Қор біліммен, ғылыммен, өнермен, мәдениетпен байланысты көптеген әлеуметтік бағдарламаларды қолдайды, балалар денсаулығы саласында қолдау көрсетеді, жетімдерге, мүгедек балаларға, балалар үйлеріне, ауруханаларға көмектеседі.

***
«Мәскеу достарын қарсы алады» фестивалі – Владимир Спиваков Халықаралық қайырымдылық қорының ең ауқымды жобасы. 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. ХІ фестиваль Қордың 20 жылдығына және Ресейдегі Мәдениет жылына арналған. Фестивальдің жиырма концертіне дүние жүзінен шамамен 1 500 дарынды жас қатысады, олардың ішінде солистер-инструменталистер, вокалистер, дирижерлер, би және хор ұжымдары, оркестрлер, суретшілер бар.
 
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, активтері мен пассивтерінің жоғары класты портфельдеріне ие,  провизиялар мөлшері барабар, ұзақ уақыт бойынша тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard & Poor’s» халықаралық рейтинг агенттігі Банкке ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» контрагент рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін (болжам – «Тұрақты») берді.
2014 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Банк активтері 235,1 млрд. теңге, несие портфелі 148,3 млрд. теңге, клиенттердің қаражаты 200,4 млрд. теңге, жеке тұлғалардың салымдары 42,3 млрд. теңге құрады. Банктің 2014 жылғы қаңтар – ақпандағы табысы 290,7 млн. теңге құрады, бұл – 2013 жылғы ұқсас көрсеткіштен 2 есе көп.
Банктің офистері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында бар.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%