Артқа
28.12.2016
Bank RBK 4,5 млрд теңге сомасына облигациялар бойынша купондық сыйақы төледі
«Bank RBK» (бұдан әрі – Банк) Банк облигацияларының жеке шығарылымы бойынша екінші купондық сыйақы ретінде 4,452 млрд теңге төлемін жүзеге асырды, оның жалпы сомасы 50 млрд теңгені құрады https://www.kase.kz/news/show/1319989.
Облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақының уақытылы төлемі Банктің қарыз қағаздарының ұстаушылары алдындағы өз міндеттемелерін қатаң орындауын, сонымен қатар «Bank RBK» АҚ-ның тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. Банк клиенттен, серіктестер және инвесторлар алдындағы өзіне алған міндеттемелерін орындауда. Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша Bank BRK 150 млрд теңге мөлшерінде кассалардағы және банкоматтардағы қолма қол түрдегі жоғары өтімді активтерге, корреспонденттік шоттардағы және ҚР мемлекеттік бағалы қағаздардағы ақшаға ие. Банк өтімділік деңгейі бойынша нормативтерді артығымен орындауда, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша К4 көрсеткіші 52% құрады, бұл ҚР Ұлттық Банкі белгілеген 30% шамадан екі есе артық.
Банк ҚР ЕДБ рэнкингінде 10 орынға ие, 01.12.2016ж. жағдай бойынша активтер 1 трлн теңгеден аса мөлшерді құрады.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша өзіндік капитал 81,7 млрд теңгеге тең. Бұл ретте Банк капиталдың жеткіліктілігі бойынша ҚР Ұлттық Банкінің барлық талаптарын орындау үстінде: К1 = 7,5% (норматив кем дегенде 6,0% болған жағдайда), К2 = 8,9% (норматив кем дегенде 6 8,5% болған жағдайда).
28 желтоқсандағы жағдай бойынша клиенттердің салым портфелі жыл басынан 23%-ға өсіп, 766,4 млрд теңгені құрады.
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.
2016 жылдың 30 қыркүйегінде Standard & Poor’s «Bank RBK» АҚ-ның бизнес-позициясын жоғарылау бағасына қайта қарап, «әлсізден» «бірқалыптыға» өзгертті. Бұл Банктің банк секторындағы нарықтық позициясының жақсаруын көрсетеді.
Өз есебінде S&P келесіні атап өтті: «Қазіргі кезде «Bank RBK»АҚ клиенттің базасын ұлғайтты және мемлекеттік несиелеу бағдарламаларының екі белсенді қатысушыларына айналды, бұл қазіргі кезеңде Қазақстанның банктік секторындағы несиелеу көлемі өсуінің негізгі факторы болып табылады. Біз Банктің бизнес көлемінің ұлғаюы тұрақты ресурстық базаға қатысты қамтамасыз етілгенін оң бағалаймыз».
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%