Артқа
03.06.2016

Bank RBK жарғылық капиталын 7,9 млрд теңгеге өсірді

    
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) Директорлар кеңесінің шешімі негізінде 789,5 мың қарапайым акция орналастыру есебінен жарғылық капиталын 7,9 млрд теңгеге өсірді. Аталған акциялар Банк акционерлерінің арасында қарапайым акциялардың алғашқы орналастыруы аясында 2016 жылдың мамырында орналастырылған болатын.
 
Жалпы ағымдағы жылдың басынан Банктің жарғылық капиталы 1 326,5 мың қарапайым акция орналастыру есебінен 13,3 млрд теңгеге өсті. Нәтижесінде қаңтар айынан бастап мамыр айына дейін Банктің жарғылық капиталы 32,2%-ға (54,5 млрд теңгеге дейін), меншікті капиталы 25,1%-ға (77 млрд теңгеге дейін), капитал жеткіліктілігінің нормативтерін есептеуде қолданылатын реттеуші капитал 20%-ға (86,5 млрд теңгеге дейін) өсті. 
 
«Меншікті капиталдың өсуші активтерге адекватты қатынасын сақтауға мүмкіндік беретін капитал өсімі Банк даму стратегиясының бөлігі болып табылады және қаржы институтының жоғарылауына акционерлердің қолдауын көрсетеді. 2016 жылдың соңына дейін Банк өзінің жарғылық капиталын 9 млрд теңгеге, ал жиынтықты капиталын 89 млрд теңгеге жоғарылатуын жоспарлауда», - деп атап өтті «Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасы Игорь Мажинов.  
 
Жарғылық капиталды өсіру нарықтағы Банктің бәсекелестікке қабілеттігін арттырады. Жұмылдырылған қаражат экономиканың корпоративтік секторына және шағын және орта бизнестегі қазақстандық кәсіпкерлерді несиелеуге бағытталады.
 
 
***
 
«Bank RBK» АҚ - теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
 
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.
 
2016 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша  Банк активтері – 903,8 млрд теңгені, қарыз портфелі – 689,2 млрд теңгені, клиент қаржылары – 657,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымы – 157,2 млрд теңгеге тең.
 
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
 
 
 
 
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518

shen_v@bankrbk.kz            
akhremushkin_v@bankrbk.kz    
www.bankrbk.kz
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%