Артқа
26.03.2014
Bank RBK жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге ұлғайтты
«Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) Директорлар кеңесінің шешімі негізінде 500 мың жай акцияны орналастыру есебінен жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге ұлғайтты. Бұл акциялар артықшылықпен сатып алу құқығына ие Банктің қазіргі бар акционерлерінің арасында жасалған мәмілелер сериясы нәтижесінде орналастырылды. Жаңа эмиссия акцияларын орналастырғаннан кейін Банктің жарғылық капиталы 34% (19,5 млрд. теңгеге дейін), меншікті капиталы 37% (22,3 млрд. теңгеге дейін) ұлғайтылды.
«Меншікті капиталдың өсіп жатқан активтерге барабар қатынасын сақтауға мүмкіндік беретін капиталды жоспарлы өсіру Банктің даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады және акционерлерге қаржы институтын өсіруде қолдау көрсетудің жалғасуын көрсетеді», – деп хабарлады Bank RBK Директорлар кеңесінің төрағасы Фарид Люхудзяев, сонымен қатар ол 2014 жылдың аяғына дейін Банк жарғылық капиталын тағы да 15 млрд. теңгеге ұлғайтуды, ал меншікті капиталын 40 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр деп қосты.
Жарғылық капиталды ұлғайту Банкке нарықтағы бәсеке қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді. Тартылған қаражат экономиканың корпоративтік секторын қаржыландыруға, Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруге жұмсалады.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%