Артқа
01.02.2017

Bank RBK капиталын 11 млрд теңгеге ұлғайтты


 
«Bank RBK»АҚ(бұдан әрі– Банк) Банктің реттеуші капиталын 11 млрд теңгеге (пайыздық мөлшерде - 12%-ға) ұлғайтқаны жөнінде хабарлайды. Аталған соманың 9,9 млрд теңгесі қарапайым акциялар түрінде, ал қалған 1,1 млрд теңге тәртіптелген борыш түрінде келіп түсті. Капиталдандыру нәтижесінде Банктің реттеуші капиталы 103 млрд теңгені, өзіндік капиталы 92 млрд теңгені, жарғылық капиталы 64 млрд теңгені құрады. Капиталды ұлғайту К1-1 және К2 капиталдарының жеткіліктілік көрсеткіштерін 7,5% және 9,0%-дан тиісінше 8,5% және 10,1%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
 
Bank RBK орналастырылған жаңа акциялардың есебінен тек өткен жылдың өзінде Банктің жарғылық капиталы 13,3 млрд теңгеге өскенін атап өтеді. Бұл ретте Банктің активтері 2016 жылдың тамыз айында 1 трлн теңге атаулы көрсеткішінен асып жығылды.
 
Капиталдандыру өсімінің арқасында Банк нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігін нығайта түсті. Тартылған қаражат экономиканың корпоративтік секторын қаржыландыруға және қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелендіруге бағытталады.
 
«Bank RBK отандық банк секторының жағдайын сауықтандыруға және екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған шараларды қолданатын ҚР Ұлттық Банкінің саясатын қолдайды. Мұндай маңызды жұмыс Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аталған өзекті тапсырмаларында қосымша ынталандырылады деген сенімдеміз. Bank RBK акционерлері мен басшылығы бизнес жүргізудің жауапкершілік қағидаларын қатаң ұстанады және қаржы институтының өсуін қолдау мен оның сенімділігін арттыру мақсатында қажеттілік бойынша банк капиталына уақтылы салымдарды жүзеге асырады», - деп атап өтті «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасы Игорь Мажинов.
 
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
 
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілік Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.
 
2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банк активтері 1 021 млрд теңгені, несиелік портфель – 753,4 млрд теңгені, клиент қаражаты – 782,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 210,3 млрд теңге.
 
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518

shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%