Артқа
03.03.2014

Bank RBK құжат айналымы процесін жетілдіруде


 «Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) Банктің барлық офистерін бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіретін IBM Lotus Domino платформасындағы Электронды құжат айналымының жетілдірілген жүйесін (ЭҚАЖ) енгізе бастады деп хабарлайды.
Ішкі бизнес-процестердің сапасы мен тиімділігін бір уақытта жақсарта отырып, оларды жылдамдату ЭҚАЖ енгізудің басты нәтижесі болып табылады. Іс жүргізу шеңберіндегі бизнес-процестердің бір бөлігі автоматтандырылады, рутингтік операциялар көлемі қомақты азайып, құжаттарды іздеу мен білім қорына кіру жеңілдетіледі, шығыс материалдарды тұтыну көлемі қысқарады.
ЭҚАЖ енгізу нәтижесінде қол жеткізілген ішкі банктік коммуникациялар жинақылығы қызметкерлердің жұмыс уақытын босатады. Осылайша, Банктің қаржы институтының бәсеке қабілеттігін бұдан былай арттырумен байланысты зияткерлік міндеттерін шешуге бағытталған қосымша уақыт ресурсы пайда болады.
Жетілдірілген ЭҚАЖ өту процесін сәуір айының ортасында аяқтау жоспарланып отыр.
 
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, жоғары класты активтер мен пассивтер портфельдеріне, барабар провизиялар мөлшеріне ие, ұзақ уақыт бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard&Poor’s» халықаралық рейтинг агенттігі Банкке ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» контрагент рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді (болжам – «Тұрақты»).
2013 жыл қорытындылары бойынша Банк активтері 222,8 млрд. теңге, несие портфелі – 144,2 млрд. теңге, клиенттердің қаражаты – 193,6 млрд. теңге, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 33,7 млрд. теңге құрады. Банктің 2013 жылғы табысы 1,521 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылғы осы көрсеткіштен 3 есе көп.
Банктің Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында офистері бар.
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%