Артқа
29.05.2014

BANK RBK ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ 2,5 ЕСЕГЕ АРТТЫРДЫ

"Bank RBK" АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылдың басынан бастап 2 млн жай акцияны орналастыру есебінен жарғылық капиталды 20 млрд теңгеге ұлғайтты.
 
Бұл акциялар акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы бар банктің қазіргі акционерлері арасында да, инвесторлардың шектеусіз тобы арасында да бірқатар мәмілелер нәтижесінде орналастырылды.
 
Жаңа эмиссия акцияларын орналастырғаннан кейін Банктің жарғылық капиталы 2,5 есеге жуық (34,5 млрд теңгеге дейін), меншікті капиталы – 130% - ға (37,6 млрд теңгеге дейін) ұлғайды. 2014 жылдың соңына дейін Банк жиынтық капиталды 40 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
 
Тартылған қаражат экономиканың корпоративтік секторын қаржыландыруға және қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарына кредит беруге бағытталатын болады.
 
"Жарғылық капиталды 20 млрд теңгеге ұлғайту акционерлер бекіткен Банктің капиталдандыруын кезең-кезеңімен өсіру жөніндегі жоспар шеңберінде жүзеге асырылды. Егер ішкі немесе сыртқы – Еуразиялық экономикалық одақ құру және ДСҰ – ға кіру сияқты-алғышарттар акционерлерден Банктің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін қосымша "жоспардан тыс" құюды талап еткен жағдайда, мұндай инвестициялар дереу жасалады. Жаһандық және өңірлік интеграцияда Банк өзі үшін жаңа мүмкіндіктерді көреді және акционерлер осы жаңа мүмкіндіктердің табысты іске асырылуы үшін Банкке қажетті қаржыландыруды уақтылы беруге бел буады", – деді Bank RBK Директорлар кеңесінің төрағасы Фарид Люхудзяев.
 
***
 
"Bank RBK" АҚ - теңгерімді даму көрсеткіштері бар қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің жеткілікті капиталы, активтер мен міндеттемелердің жоғары дәрежелі портфельдері, провизиялардың барабар мөлшері бар, ұзақ уақыт бойы тұрақты рентабельділікті көрсетеді. Standard&Poor 's халықаралық рейтингтік агенттігі Банкке "В-/С" контрагентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін және "kzBB -"  ұлттық шкаласы бойынша рейтингін ("Тұрақты" болжам) берді.
 
2014 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банктің активтері 274,2 млрд теңгені, несие портфелі – 192,1 млрд теңгені, клиенттердің қаражаты – 228,4 млрд теңгені, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 51,8 млрд теңгені құрады. Банктің 2014 жылғы қаңтар-сәуірдегі пайдасы 568,8 млн теңгені құрады, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе артық.
 
 
Банктің кеңселері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында жұмыс істейді.
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%