Артқа
16.05.2013
BANK RBK 2,5 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ДЕБЮТТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР ОРНАЛАСТЫРДЫ
«Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) Қазақстан қор биржасының (KASE) бүгін өткен мамандандырылған сауда-саттығы барысында 2,5 млрд. теңгеге дебюттік облигацияларын орналастырды.
Аталған облигациялар шығарылымы ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті 2013 жылғы 15 наурызда тіркеген 20 млрд. теңге жалпы сомасына Банктің бірінші облигациялық бағдарламасының шеңберіндегі алғашқы шығарылым, KASE листинг процедурасынан өткен «ішкі» облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады.
2016 жылғы мамырда өтелетін үш жылдық облигациялар бойынша жарты жылдық купон мөлшері 8% жылдық құрайды. Сауда-саттық барысында облигациялардың өтеуге кірістілігі орташа алынған мәнде 8,05% деңгейінде қалыптасты. Бүкіл өтінімдер көлемі зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне келді.
Келесі апта ішінде Банк KASE облигацияларын қосымша орналастыруды жоспарлап отыр.
«Орналастыру нәтижелері инвесторлар тарапынан Bank RBK борыштық қағаздарына сұраныстың бар екендігін көрсетті, бұл қаржы институтына деген сенімді растайды. Сонымен қатар облигациялардың бірінші шығарылымын орналастыру ресурстық базаны әртараптандырып, экономиканы кредиттендіру үшін қосымша өтімділік тартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Банктің Директорлар кеңесінің консультанты Жомарт Ертаев.
Ол 2013 жылғы 1 сәуірде Банктің кредиттік портфелі 74,5 млрд. теңге құраса, жыл соңында осы көрсеткішті 100-105 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отырғандығын атап өтті. «Бизнестің өсуі 2013 жылы шамамен 1,5 млрд. теңге мөлшерінде таза табыс алуға мүмкіндік береді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 4 есе көп», - деп қосты Ертаев мырза.
***
«Bank RBK» АҚ – теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық қаржы институты. Bank RBK капиталы жеткілікті, жоғары сыныпты активтер мен пассивтер портфельдеріне, провизиялардың барабар мөлшеріне ие, ұзақ уақыт ішінде тұрақты табыстылықты көрсетіп келеді. «Standard&Poor’s» халықаралық агенттігі «Bank RBK» АҚ контрагенттің «В-/С» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін (болжам – «Тұрақты») беріп, растады (2012 жылғы шілде).
2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 118,1 млрд. теңге құрады, бұл үстіміздегі жылдың басынан бері 33% артқан. Клиенттерге берілген кредиттер мен аванстар – 74,5 млрд. теңге немесе 2013 жыл басына қарағанда 14% көп. Клиенттердің қаражат көлемі де оң динамикамен атап өтілді: есеп күні көрсеткіш 101,9 млрд. теңгеге тең болды, бұл үстіміздегі жыл басымен салыстырғанда 40% көп. Жеке тұлғалардың салымдары 35% – 22,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Меншікті капитал 15,6 млрд. теңге құрайды.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ Баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%