Артқа
07.10.2013

Bank RBK ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуде


«Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) 2013 жылдың 7 қазанынан бастап жеке және заңды тұлғаларға арналған жаңа қызмет – сейфтік операциялар қызметі қол жетімді болады деп хабарлайды. Клиенттер осы қызметті пайдаланып, бір күннен 12 айға дейін Банк кеңселеріндегі сейфтік ұяшықтарды жалға алу мүмкіндігіне ие болады.
Сейфтік депозитарийлер Банктің қатаң күзетілетін кеңселерінде орналасқан, бұл – клиенттер Банкке сақтауға сеніп тапсырған құндылықтардың, құжаттар мен басқа да заттардың сақталу кепілдігі.
Қазіргі уақытта Банктің келесі мекенжайлардағы кеңселерінде сейфтік ұяшықтар бар:
  • Астана қ., Достық к-сі, 5 («Северное сияние» кешені)
  • Алматы қ., Шәріпов к-сі, 84
  • Шымкент қ., Г.Иляев к-сі, 47
  • Өскемен қ., Победа д-лы, 13
Банк өзінің барлық өңірлердегі кеңселерін сейфтік депозитарийлермен кезең-кезеңімен жабдықтауды жоспарлап отыр.
Банктің www.bankrbk.kz корпоративтік сайтында сейфте сақтау қызметтерінің тарифтерімен танысуға болады:

Заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған тарифтер
Жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған тарифтер

Банкке сейфтік операцияларды жүргізу (клиенттердің құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтау, соның ішінде сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, үй-жайларды жалға беру) құқығына лицензияны 2013 жылғы 26 қыркүйекте ҚР Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті берген.
 
***
 
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, активтер мен пассивтердің жоғары класты портфельдеріне, барабар провизиялар мөлшеріне ие, ұзақ уақыт бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard&Poor’s» халықаралық агенттігі Банкке контрагенттің «В-/С» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін (болжам – «Тұрақты») берді.
 
2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Банк активтері – 172,9 млрд. теңге, несие портфелі – 112,7 млрд. теңге, клиенттердің қаражаты – 142,0 млрд. теңге, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 26,7 млрд. теңге. 2013 жылғы қаңтар-тамыз айларында Банк алған табыс 838,7 млн. теңге құрады, бұл 2012 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 473% көп.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%