Артқа
04.06.2014
Bank RBK өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламасының аясында лак-бояу зауытының құрылысын қаржыландыратын болады
«Bank RBK»АҚ(бұдан әрі– Банк) «COLOR International Technologies» ЖШС Алматы қаласында салынатын лак-бояу зауытының құрылысына берген несиенің жеңілдікпен қайта қаржыландырылатынын хабарлайды. Қайта қаржыландыру өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндежүргізілуде. «COLOR International Technologies» компаниясы ұсынып отырған жоба Мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай келеді деп танылып,«Даму»кәсіпкерлікті дамыту қорымен мақұлданды.
Несиелендіру көлемі 214,65 млн теңге. Несие бойынша жеңілдігі бар сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% құрайтын болады.
«COLOR InternationalTechnologies»компаниясының жобасы испандық заманауи құрылғылармен жарақталатын жоғары сапалы әрі экологиялық таза (органикалық еріткіштерсіз) интерьерлік, қасбетті, және декоративтік бояулардың өндірісін ұйымдастыруды көздеп отыр. Зауыттың өндіріс қуаты жылына 30 000 тонна лау-бояу өнімін құрайтын болады. Кәсіпорын толық өндіріс қуатына шыққаннан кейін 80-ге жуық жұмыс орнын құруды жоспарлауда. Бүгінгі таңда зауыт COLORITсауда белгісімен 250 тонна өнімді шығарып көрді. 2014 жылдың соңына дейін зауыт өндіретін өнімдер Қазақстанның барлық ірі қалаларына сатуға шығарылады деп жоспарлануда.
«Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның аясында біздің банкке ШОБ қаржыландыру үшін барлығы 2 млрд теңге бөлінді. «COLOR International Technologies»ЖШС тізгініндегі алғашқы жоба мақұлданып қойды. Әлі біраз өтінімдер қарастырылу үстінде. Бизнеске арналған несиелендірудің шарттары өте тиімді, бағдарламаға қатысуға деген ниет те жоғары. Сол себепті біз бөлінген қаражатты түпкі қарыз алушыларға барынша аз уақыттың ішінде жеткізуді көздеп отырмыз»,– деді Bank RBK басқарушы директоры Тимур Шәріпов.
***
«Bank RBK»АҚ– теңгерілген даму көрсеткіштері бар қазақстандық әмбебап қаржы институты.
Банктің жеткілікті капиталы, жоғары класты активтер мен пассивтер портфельдері, лайықты мөлшердегі провизиялары бар. Банктің пайдалылығы ұзақ уақыттан бері орнықты болып отыр. Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі банкке «В-/С» контрагентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтері мен ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін (болжам «Тұрақты») тағайындады.
2014 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Bank RBK активтері 274,2 млрд теңгені, қарыз портфелі 192,1 млрд теңгені, клиенттердің қаражаты 228,4 млрд теңгені, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 51,8 млрд теңгені құрады. 2014 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы кезеңде банкке түскен пайда 568,8 млн теңгені құраған. Бұл 2013 жылдағы осы көрсеткіштен 1,5 есеге артық.
Bank RBK кеңселері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында жұмыс істейді.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%