Артқа
10.09.2015

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында Bank RBK лак және бояу өндіру зауытының құрылысын қаржыландырды


 2015 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек "COLOR International Technologies" ЖШС меншігіндегі лак және бояу өндіру зауытының қызметімен танысқан болатын.
 
Өнеркәсіп құрылымы жаңадан салынып, 2014 жылы қолданысқа берілген. Зауыт COLORIT маркасы бойынша жоғары сапалы және экологиялық таза (органикалық еріткіштерсіз) интерьерлік, қасбеттік және декоративтік бояу өндіреді. Кәсіпорын замануи испандық құралдармен жабдықталған. Оның қуаты жылына  30 мың тонна лак және бояу өнімін құрайды.
 
 
2015 жылдың 1 жарты жылдығының қортындысы бойынша зауыт 234 тонна өнім шығарды және ол өнімдер Қазақстанның барлық аймақтарына ұсынылған. 2016 жылы компания 2,5 мың тонна лак және бояу материалдарын өндіруді жоспарлауда.
 
Bank RBK  алынған несие қаражатына "COLOR International Technologies" ЖШС лак және бояу өндіру зауытының құрылысы 2012 жылы бастау алды. 2014 жылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерін қолдау Мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған несиеге жеңілдікті қайта қаржыландыру жүргізілді. Несиені қайта қаржыландыру көлемі 214,65 млн теңгені құрады, жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%.
 
Одан өзге, 2015 жылы жаз мезгілінде Bank RBK және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры «COLOR International Technologies ЖШС айналым қаражатын 200 млн теңгеге толықтыру бойынша қаржыландыруды мақұлдады және ертеректе берілген айналымдағы несие қаражатын 219 млн теңге сомасына қайта қаржыландырған болатын.
 
 
«Біз нақты экономика секторында жоғары қосынды құнымен сәтті өндіріс құрған серіктестеріміз үшін қуаныштымыз. Зауыт өндіретін өнім қажетті және отандық нарықта сұранысқа ие. Мұндай жобалар қазақстандық кәсіпкерлерді еліміз үшін өндіріс ұйымдастыруға ынталандырады және импорт алмастыру саясатын жүзеге асыруға түрткі болады», - деді «Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасы Игорь Мажинов. 
 
 
***
 
«Bank RBK» АҚ- теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
 
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілік Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін (болжам «Оң») және ұлттық шкала бойынша «kzBB» рейтингін берді.
 
2015 жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша  «Bank RBK» АҚ активтері – 716,2 млрд теңгені, қарыз портфелі – 510,5 млрд теңгені, клиент қаржылары – 506,9 млрд теңгені, оның ішінде жеке тұлғалардың салымы – 121,9 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы пайдасы 3,3 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімі көрсеткішінен екі есежоғары.
 
Банк кеңселері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Атырау, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет атқарады.
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
АО «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518

shen_v@bankrbk.kz            
akhremushkin_v@bankrbk.kz    
www.bankrbk.kz
 
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%