Артқа
22.10.2015
Bank RBK гранит өндірушісін қаржыландырды
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі– Банк) Банк қарыз алушысы - «Жетiсу-Гранит» ЖШС-нің инвестициялық жобасының сәтті жүзеге асырылуы туралы хабарлайды.
«Жетiсу-Гранит» компаниясы сыртқы әрлеуде жиі қолданылатын танымал құрылыс материалдарының бірі сұр гранитті өндіру және өңдеумен айналысады. Өндіріс орны Алматы облысы Ақсу ауданында орналасқан Қапал-Арасан кен орнында жүргізіледі.
Компанияның инвестициялық жобасы гранитті карьер жанында әрлеу гранитінің және гранитті блоктардың өндіріс цехы құрылысын, қажетті инфрақұрылымды жеткізуді (ауа тазарту жүйесі, жылу беру, салқын және ыстық сумен қамсыздандыру, электр құрылғысы және электр жарықтандыру), вахталық ауыл құрылысын, технологиялық және көлік құралдарын сатып алуды көздейді.
Жоба өңдеу өндірісі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті несиелеу Мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады. Аталған инвестициялық жобаны Банктің қаржыландыру көлемі жылдық 6% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 256,2 миллион теңгені құрады. Алғашқы транш (құралдарды және арнайы техниканы сатып алу) 2014 жылдың аяғында, ал екінші транш (құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізу үшін) 2015 жылдың ақпан айында берілген болатын.
Бүгінгі таңда нысан қолданысқа берілді және өз қуатын арттыруда. 2019 жылы «Жетiсу-Гранит» компаниясы 5 мың метр куб гранит блоктарының үш санатын, 30 мың шаршы метр тасты төсеніштерін және 500 мың метр куб құрылыстық ұсақталған тас өндіруді жоспарлауда.
***
«Bank RBK» АҚ- теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Оң» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB» рейтингін берді.
2015 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері – 768,8 млрд теңгені, қарыз портфелі – 563,1 млрд теңгені, клиент қаржылары – 556,0 млрд теңгені, оның ішінде жеке тұлғалардың салымы – 134,7 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы пайдасы 3,8 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімі көрсеткішінен екі есежоғары.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Атырау, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет атқарады.
БАҚ үшін байланыс:
АО «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%