Артқа
19.05.2016
Bank RBK «Даму» Қорының жаңа бағдарламасы аясында 1,8 млрд теңге сомасына кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады
«Bank RBK»АҚ (бұдан әрі - Банк) және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры» ШОБ субъектілерін аймақтық қаржыландыру Бағдарламасы және ШОБ субъектілерінің франчайзингтік жобаларын қаржыландыру Бағдарламасы бойынша несиелік келісімдерге қол қойды. Несиелік келісімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңге.
Аймақтық қаржыландыру Бағдарламасы аясында Банк Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарында ШОБ субъектілерін қарыз алушылар үшін тиімді шарттар бойынша несиелеуге кірісті. Аталған үш аймақтың кәсіпкерлері жергілікті атқарушы органдармен анықталған басымдылықтарға сәйкес қаржыландыру алатын болады.
Франчайзингтік жобаларды қаржыландыру Бағдарламасы аясында несиелер бір қарыз алушы үшін 80 млн теңгеге дейінгі мөлшерде 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады. Аталған бағдарламаға қатысудың негізгі шарттарының бірі – франчайзердің (айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі) франчайзингті жүзеге асыру бойынша оңтайлы тәжірибесінің болуы: бейрезидент-франчайзерлер үшін үш жылдан кем емес, резидент-франчайзерлер үшін екі жылдан кем емес. Әлеуетті қарыз алушы (франчайзи) жобаны жүзеге асыруға қатысуды жобаның жалпы құнының 10%-нан кем емес мөлшерде өз қаражатымен (ақшамен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қамтамасыз етуі қажет.
«Bank RBK «Даму» Қорымен бірлесіп қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа қаржы құралдарын ұсынуға қуанышты. Жаңа бағдарламалар республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуына қосымша түрткі болуға ықпал етеді. Банк қазіргі таңда аталған бағдарламалар бойынша ШОБ субъектілерінің өтінімдерін қарастыруда және кәсіпкерлерге қаражатты қысқа мерзімде жеткізеді деген сенімде, - деп атап өтті «Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Шарипов.
***
«Bank RBK» АҚ- теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.
2016 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Банк активтері – 910,2 млрд теңгені, қарыз портфелі – 669,3 млрд теңгені, клиент қаржылары – 654,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымы – 150,1 млрд теңгеге тең.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%