Артқа
18.06.2012

Bank RBK The Beatles тобының атақты суретін сатып алды


Биылғы жылдың 22 мамырында «Блумсбери» (Bloomsbury Auctions, UK) аукционында аңызға айналған The Beatles тобының сирек кездесетін суретін сатып алушы Bank RBK (Қазақстан) атанды, ол аукцион алымдарын санамағанда, 16 000 фунт стерлинг төледі.

Бұл сурет 1969 жылдың тамызында The Beatles тобының является Abbey Road атауымен шыққан 12-ші альбомының мұқабасы үшін фотограф Иен МакМилланом (Ian Macmillan) түсірген небәрі алты кадрдың бірінен шығарылған сурет. Алайда басқа сурет пайдаланылғанымен, Bank RBK сатып алған суреттің үлкен тарихи және мәдениеттанушылық құндылығы бар. Альбомның мұқабасындағы суреттен оның үш негізгі ерекшелігі сол, топтың қатысушылары көшені «кері» бағытта кесіп өтеді, ал Пол Маккартни қолында сигаретсіз және жалаңаяқ емес, сандалмен жүріп келеді.  Бірқатар сарапшылар үшін нақ осы сурет Пола Маккартнидің автомобиль апатында қаза болуы және кейіннен оны ұқсайтын адамға ауыстырылуы туралы конспирологиялық теорияны жоққа шығарудың негізгі құралы болды.

«Блумсбери» аукцион үйінің бастапқы бағалауы бойынша суреттің құны 9 000 фунт стерлингке дейін болды. Сурет 7 000 фунтқа қымбат сатылған аукциондық сессияны «Блумсбери» (Poppy Walker) өкілі «орасан зор» деп сипаттады. Бұл суретке үлкен қызығушылық негативтен шығарылған 25 суреттің болуына қарамастан, олардың аукциондарға өте сирек шығарылуымен байланысты болды.

Bank RBK бұл суретті Алматы қаласындағы Республика алаңы, 13-үй мекен-жайында орналасқан өз офисінде ашық көрсетуді жоспарлап отыр. Суреттің түпнұсқасы Алматы қаласында шамамен биылғы жылдың маусым айының соңында келеді.
Сэр Пол Маккартнидің туған күнінде, биылғы 18 маусымда Bank RBK сатып алынған суреттің телнұсқасын Алматы қаласындағы The Beatles Party-де кең жұртшылыққа көрсетеді («Қазақстан» қонақүйінің жазғы алаңында сағат 18.00-де басталады, Guns& Roses гриль-пабы).
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%